Мерейтойға арналған концерт

Выпуск - №19(415)   :   07.05.2020
475

Қазақтың біртуар тұлғасы Абай Құнанбайұлының биылғы 175 жылдық мерейтойына орай Қостанай қаласындағы №29 орта мектепте салтанатты концерт өтті.

Қазақ тілі мамандарының ұйымдастырумен өткен салтанатты кеште мектеп оқушыларының сахналық өнерлерін көрсетуі ақынның қарасөздері мен өлеңдерін мәнерлеп оқу, әуезді әндерін шырқауға және сахналық көрініске ұласты. Концертті 9 «Б» сынып оқушысы Мирас Жалмұхамедов «Қазақ елі» әнімен ашты.

Ақынның Бірінші қарасөзін 8 «А» сынып оқушысы, аз уақытта дарынымен көрермендерді баурап алған мәнерлеп оқу сайыстарының жүлдегері Дидар Ерлібекқызы нақышына келтіріп мәнерлеп оқып шықса, 5 «А» сынып оқушылары «Желдірме» күйін күмбірлетті. Концерт жалғасы 7 «А» сыныбының оқушысы Зарина Серікбайдың орындауындағы ақынның «Көзімнің қарасы» әніне ұласты.

Артынша 6 «А» сынып оқушылары Гүлім Баданова, Бекзат Қанатұлы, Айжан Сейілбек дана Абайдың табиғат лирикасы аясындағы өлеңдерін оқыды. Кештің қызығы мен шыжығы, мәні де сәні болған 8 «А» сынып оқушыларының «Бала Абай» сахналық қойылымын көргенде Абай атамыз ғұмыр кешкен заманға бір сәт барып қайтқандай болдық. Кештің соңы мектептің кішкентай балғындардан құрылған «Фаворит» би тобының әсем биімен аяқталды.

Аталмыш салтанатты кеш қазақ ақыны Абай мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды әрі талапты оқушыларды анықтау, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруды көздегені белгілі. Бұл баға жетпес мұра жастарды қазақ халқының рухани құндылықтарымен таныстыруда маңызды рөл атқарды. Осынау концерт мектебіміздің кітапханасындағы көрме, мәнерлеп оқу сайысысы, түрлі челендж, эссе, сурет байқаулары, буктрейлер, эстафета, дебат түрінде жалғасын тауып жатыр.

Абай өмір сүрген заман мен қазіргі уақыттағы адамдардың сана-сезімі, ой-өрісі, өркениеттік даму деңгейі түрлі болғанмен, ойшылдың туындылары арқылы болашақ ұрпаққа жеткізбек болған насихаты бүгінде де құнын жоғалтпақ емес.


№29 ОМ қазақ тілі мен
әдебиеті әдістемелік бірлестігі,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.