Арқалық қаласындағы Ә.Бөкейханов атындағы жалпы білім беретін мектепте дәстүрлі қалалық Абай оқулары өтті. Білім мен өнер бәйгесіне қала мектептерінен дарынды оқушылар қатысып, ұлы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттады.
Аталған байқауға Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның 7 оқушысы қатысып, барлығы да жүлделі орындарға ие болды. Олар байқау барысында жоғары дайындық пен шеберліктерін көрсетіп, мектебіміздің абыройын асқақтатты. «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы бойынша 3 «Г» сынып оқушысы Абдуррахман Сәндібек пен 5 «Г» сынып оқушысы Інжу Берікқызы үшінші орынды иеленді. Ал 8-сынып оқушысы Аруна Атлант Абайдың 185 өлеңін жатқа айтып, жүлделі бірінші орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды.
«Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Дария Досова Алғыс хатпен марапатталды. 7-сынып оқушысы Көркем Жұмабек «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша, ал 11-сынып оқушысы Мұхамедәли Отар «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясында екінші орынмен марапатталды. «Әнді сүйсең менше сүй» номинациясында 6 «Г» сынып оқушысы Жайдары Қайрат бірінші орынға ие болды. Осылайша, оқушыларымыз бұл байқауда терең білімдері мен шығармашылық қабілеттерін дәлелдеп, Абай әлеміне деген сүйіспеншіліктерін айқын көрсетті.
Назерке ЗАБИХОЛЛА,
А.Құнанбаев атындағы
мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі, жас маман,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.