Рудный қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте қазақтың аса көрнекті ағартушысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай «Ел үшін туған ердің мәңгілік мұрасы» атты мұражайдың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Міржақып Дулатұлының өмір жолы мен шығармашылығына арналған мұражайдың ашылу салтанаты дәстүрлі лента қию рәсімімен басталды. Бұл мәртебелі іс филология ғылымдарының кандидаты, доцент, мәдениет саласының үздігі, айтыскер-ақын, «Алтын домбыра-2025» иегері Айбек Қалиев, Рудный қаласы білім бөлімінің басшысы Темірхан Жайлибаев, сондай-ақ Рудный қаласының ҚХА Ардагерлер кеңесінің төрағасы, қаламгер және қоғам қайраткері Жаңбыршы Тлеуғабыловқа табыс етілді.
Іс-шараға облысымыздың құрметті азаматтары, сөздің киесін ұлықтаған айтыскер-ақындар, руханият пен мәдениет саласының майталмандары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысып, басқосудың мәртебесін арттыра түсті. Шашу шашылып, қонақтар жаңа мұражай экспонаттарымен, заманауи көрмемен танысып, Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығына терең бойлады. Бұл мұражай – тек өткенді еске алу емес, жас ұрпақты елін сүюге, тарихын құрметтеуге тәрбиелейтін рухани орта. Міржақып бабамыздың аманаты жас ұрпақ жүрегінде жаңғыра берсін!
Аружан АНИСОВА,
Айгерім БАХИТБЕК,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ 3-курс студенттері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.