М.Хәкімжанованың 115 жылдығына орай

Выпуск - №46(493)   :   26.11.2021
300

М.Хәкімжанова атындағы Щербаков мектебінде «Отты жырлар алыбы» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Қарашаның 16-сында Мәриям Хәкімжанова дүниеге келген. Дәл осы күні мектеп мұражайының қабырғасында ақынның шығармаларын оқу дәстүрге айналған.

«Стучи, стучи, моё сердце...» атты өлең жолдары мектебімізге келген қонақтар мен балалардың жүрегіне жарық пен жылулық, мейірімділік ұялатты. Қатысушы балалардың оқыған шығармалары жүрегімізді ерекше толқытты. Мектеп мұражайында өткен көркемсөз байқауында педагогикалық еңбек ардагері Ирина Тригубкина, ауылдық округтің кітапханашысы Сайранкул Қалиева, басшысының міндетін атқарушысы Владислав Ивко әділ төрелігін жасады. Қазылар алқасының алдында поэзия мен прозаның үздік орындаушыларын таңдау міндеті тұрды.

Байқау барысында қатысушылар шығармаларын жай оқи салмай, мазмұнына терең бойлап, шығарманың жеткізер ойына ерекше мән берді. Ең кішкентай, өнерлі сайыскерлер Отан туралы шығармаларымен жиналған қауымды қуанта білді. Мектебіміздің 1 «А» сынып оқушысы Гаухар Ғабиден және 1 «Б» сынып оқушысы Софья Ягодина жүлделі 1-орынға ие болды. Ал 8-11 сынып оқушылары арасында Гран-приге 9 «А» сынып оқушысы Айым Әлтай лайық деп танылды.

Жүлделі бірінші орынға ие болған оқушылардың қойылымдары эмоционалды әрі жарқын болды. Мектебіміздің 5-7 сынып оқушылары арасында 6 «Б» сынып оқушысы Камила Ералина «Умела ждать», 7 «А» сынып оқушысы Нұргүл Нұрлан «Қапияда қақ төбемнен түсті жай», 7 «Б» сынып оқушысы Дильнас Нұрбаева «Мезгіл», 8-11 сынып оқушылары арасында 11 «А» сынып оқушысы Салтанат Токушева «Езілме жүрек, езілме», Алина Игілік «Құтты болсын өрісің» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Жүлдегерлер қатарынан 3 «Б» сынып оқушысы Артем Тимохович, 2 «Б» сынып оқушысы Елизавета Павленок, 4 «А» сынып оқушысы Жұлдызай Елубай табылды. Сондай-ақ 6 «В» сынып оқушысы Влада Ивко, 5 «Б» сынып оқушысы Сәлім Нұрмағамбетов, 2 «А» сынып оқушысы Арсен Зарлық, 5 «В» сынып оқушысы Артем Семенов, 8 «Б» сынып оқушысы Дарья Люфт, 9 «Б» сынып оқушысы Виктория Лакеева марапатталды. Жүргізушілер Әл-Қуат Досмағамбетов пен Алина Игілік байқауды қазақ және орыс тілдерінде жүргізді.
Осы тұста байқауға оқушыларды дайындаған сынып жетекшілер мен бастауыш сынып мұғалімдеріне алғыс айтқымыз келеді. Дәстүрлі байқаудың қатысушылары мақтау қағаздарымен қатар ақын Мәриям Хәкімжанова бейнеленген естелік дәптерлермен марапатталды.


Лаззат КАЗЫБАЕВА,
орыс тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Айслу БАЙТИКЕНОВА,
қазақ тілі пәнінің мұғалімі,
М.Хәкімжанова атындағы
Щербаков ЖББМ,
Алтынсарин ауданы

Реклама

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.

Коллектив Айдарлинской общеобразовательной школы из года в год остаётся преданным и постоянным читателем газеты «Учительская плюс». Я глубоко убеждена, что это издание – незаменимый и важнейший ориентир для каждого современного педагога. На страницах газеты оперативно освещаются ключевые новости образования, публикуются практические статьи, ценные методические рекомендации и масса полезных материалов. Особая ценность издания для нас заключается в возможности знакомиться с передовым опытом коллег из других школ и черпать свежие, вдохновляющие идеи для собственной практики. В то же время газета даёт и нам прекрасный шанс заявить о себе: публиковать свои достижения и делиться наработками с широкой аудиторией. Именно поэтому «Учительская плюс» для меня – одно из самых важных изданий, напрямую способствующих профессиональному росту.