Мұғалім оқушыға білім беріп қана қоймай, мәдениеттілігіне де баса назар аударуы тиіс. Міне, осы мақсатта Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясында алғаш рет «Мұғалім сымбаты» атты мектепішілік байқау ұйымдастырылды.

Аталмыш байқауға мектептің әрбір әдістемелік бірлестігінен 7 мұғалім бақ сынасты. Байқауға төрелік жасау үшін қалалық білім бөлімінің кәсіподақ төрайымы Амина Оразаевна мен әдіскері Гүлнар Шабденовна, мектеп директоры Қымбат Исланбекқызы және кәсіподақ төрайымы Гүлназ Бертайқызы арнайы келіп, қатысушыларға лайықты бағаларын берді.
Заман көшіне ілесіп, өзгерістерге тез бейімделуді бойына қондыра білген ұстаздар қауымы барлық сын-сағаттарынан мүдірмей өтуді қалыпты жағдай санайтыны рас. Ал бүгінгінің ұстазы қандай болуы керек? Байқау нәтижесінде осы сұрақтың жауабын табу үшін мұғалімдер жан-жақты ой бөлісіп, өнер көрсетті. Тартысты сайыс 3 кезең бойынша өткізілді. Олар: «Таныстыру», «Менің қиялымдағы мұғалім сымбаты» және «Педагогикалық жағдаят». Қызығы мен жаңашылдығы мол байқау барысында мұғалімдер өздерін жаңа қырынан танытып, кәсіби мұғалімнің келбеті қандай болу керектігін көрсетіп, педагогикалық шеберліктері мен импровизациялық қабілеттерін аша білді.
Әрбір сайыста жеңіспен қатар жеңіліс те болатыны анық. Бұл байқауда топ жарып, жүлделі бірінші орынға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Роза Ахметова ие болды. Екінші орынды орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Надежда Баранова иеленсе, үшінші тұғырға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрлыбек Қабсабыр лайық деп табылды. Сонымен қатар марапаттау сәтінде қалалық кәсіподақ төрайымының арнайы жүлдесі еңбек жолын биыл бастап жатқан жас мамандар – бастауыш сынып мұғалімі Мадина Самұрат пен математика пәнінің мұғалімі Марияш Ақылбекқызына бұйырды.
Кез келген іс-шара ұжымның бірлесе, ынтымақтаса жұмыс істеуіне ықпал етеді. Бұл сайыста да қатысушылардың жігерін арттырып, қолдау білдірген бірлестік пән мұғалімдері айқын көрінді. Сондықтан да мектептің барша ұжымы бұл сайыстың жалғасын табуын құптай отырып, жаңа басталған оқу жылының 2-тоқсанына шығармашылық шабытпен аттанды.
Нұрзат ЖҮЗТАЕВА,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.