«Mynbala.kz» жобасы: білім жолындағы керуен

Выпуск - №27-28(675-676)   :   15.08.2025
190

Mynbala-kz-1


Қарабалық ауданындағы М.Сералин атындағы жалпы білім беретін мектепте ауылдық мектеп оқушыларына арналған білім беру керуені форматындағы бірегей жоба – «Mynbala.kz» мобильді кванториумы өз жұмысын бастады.

Mynbala-kz-4


Жоба биылғы Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында жүзеге асырылып, оқушылардың инженерлік және технологиялық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Жобаның бастамашылары және серіктестері – Eurasian Resources Group (ERG), Allur компаниялар тобы және «Talimger» қоғамдық қоры екенін атап өткен жөн. Оқушылардың кәсіби бағдарлануын қамтамасыз етуге арналған заманауи, мобильді және қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған бірегей жоба тәжірибеге негізделген оқыту арқылы жүзеге асады.


Mynbala-kz-3


«Mynbala.kz» жобасының аясында сызба және инженерлік жобалау негіздері, математика мен физиканың қолданбалы есептері, робототехника және 3D модельдеу, сондай-ақ электротехника және схемотехника, кәсіпкерлік ойлау негіздері, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдылары сынды бірнеше оқыту бағыттары қамтылған. Жоба барысында кәсіби бағдарлау диагностикасына ерекше көңіл бөлінеді. Соның нәтижесінде әр қатысушыға жеке портфолио құрастырылып, оған оқушының қызығушылықтары, қабілеттері және жеке даму бағыттары енгізіледі.
 

Mynbala-kz-2


Аталмыш жобаға ауданымыздың 7–10-сынып оқушылары қатысып, робототехникадан бастап генеративті жасанды интеллектке дейінгі заманауи технологиялардың жұмыс принциптерімен танысты. Көптеген оқушылардың инженерлік-техникалық салаға қызығушылығы, оқуға деген ынтасы артқаны байқалды. Жоба білім беру бағдарламасының бір бөлігіне айналып қана қоймай, жазғы демалысты тиімді өткізіп, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтуға және кәсіптік қоғамдастықпен ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік берді.
Жобаның ұйымдастырушылары мектеп кітапханасына Дәулет Төлеутайұлының «Бизнеске бағыт» кітаптарын сыйға тартты. Бұл еңбек жас ұрпақты қаржылық сауаттылыққа баулып, табысқа жету жолдарын меңгеріп, жауапкершілікпен әрекет етуге үйретеді. Автор жастарды өз армандарына нық қадам басуға шақырады. «Mynbala.kz» мобильді кванториумы – бұл жай ғана білім керуені емес, аймақтың болашағына бағытталған стратегиялық инвестиция. Жоба техникалық сауатты, мақсаттарын айқын белгілейтін, жаңашыл ұрпақтың қалыптасуына ықпал етеді.

Айгерим АХМЕТОВА,
М.Сералин атындағы ЖББМ
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қарабалық ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.