Мұхаңның даналық мектебі

Выпуск - №47 (544)   :   02.12.2022
1380

Биыл Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 125 жыл мерейтойы. Соған орай еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Рухани-тәлімдік бағыттағы маңызды іс-шара өңіріміздегі Ыбырай атамыз негізін қалаған мектепте де жоғары деңгейде атап өтілді.

Дара тұлға Мұхтар Әуезов жайында мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаев: «Біз үшін Абай қандай болса, Мұхаң да – сондай даналық мектебі. Ол мектептен дәріс алу – әр қазақтың абыройлы борышы», – деген екен. Расында да қазақ халқының мәдени, әдеби даму тарихында із қалдырған көрнекті жазушы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі аса ірі қоғам қайраткерінің әдебиет тарихындағы орны орасан.

Жақында оқушыларды заңғар жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, оларды қазақтың зиялы қауым өкілдерінің өмірінен үлгі алып қана қоймай, шығармашылық танымын толықтыру мақсатында Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында «Жас ақындар» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Дәуірдің дара тұлғасы» атты әдеби-тағылымдық кеш болып өтті. Бес бөлімнен тұратын әдеби кеште оқушылар дарын иесінің ғұмырнамасы, өмірі мен шығармашылығынан баяндап, әсерлі шығармаларының бірі 1925 жылы жазылған «Жетiм» әңгімесінен шағын сахналық қойылым көрсетті. Естелік бейнежазбада сақталған деректі мәліметтермен танысып, Мұхтар Әуезовтың жанды дауысын тыңдады.

Аталмыш «Жас ақындар» үйірмесінің жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Салтанат Өтелбаеваның ізбасар шәкірттері Елқанат Есімсейіт пен Дариға Дәулетбек жазушыға жазған арнау өлеңдерін оқыды. Айта кету керек, 2007 жылдан бастап аталмыш үйірменің жетекшісі әрі талай мәрте өңір намысын республикалық ақындар айтысында қорғап жүрген Салтанат Амантайқызы жастардың бойындағы дарынын анықтап, оның ары қарай жетілуіне де қанатымен су сепкен қарлығаштай үлесін қосып жүр. Осындай іс-шара барысында үйірменің мүшелері өз қаламынан туған өлең жолдарын жұртшылық алдында оқып, қарым-қабілетін шыңдап жүрген жайы бар.

Тағылымды шара барысында Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкері Гүлжан Байзирова құнды мәліметтерден жиналған арнайы кітап көрмесін оқушылар назарына ұсынды. Кеш барысында Гүлжан Әубәкірқызы Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттерге шолу жасады. Ал мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақмарал Серікбаева өз сөзінде мерейгер ақын-жазушыларға арналған тәлім мен тағылымға толы іс-шаралар заңғар тұлғаларымыз жайлы жастардың саналы пікірін қалыптастыру жолында тәрбиелік мәні зор екенін айта келе, болашақта бұндай іс-шаралардың өз жалғасын таба беретінін жеткізді.


Салтанат ӨТЕЛБАЕВА,
Жамал ШАУКЕН

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.