Былтырғы қараша айының 17-сінен білім беру ұйымындарында педагогтер мен ата-аналардың өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған «Үндестік» облыстық жобасы өз жұмысын бастағаны белгілі.

Аз уақыт өтсе де, өзара іс-қимыл нысандарын жетілдіру, ынтымақтастық қырларды айқындау, ақпараттық-әдістемелік жұмыстарды нығайту, ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен терең таныстыру барысында бірнеше жұмыстар іске асырылды. Екі одақ бірлесіп, ынтымақтасқанда ғана күрмеуі қиын талай мәселелердің түйіні шешілетінін де осы жоба нақтылап көрсеткендей. Тиімді жоба әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық ұзақ мерзімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ғылыми-әдістемелік, диагностикалық-сараптамалық, профилактикалық, консультативтік-ағартушылық, дамытушылық бағыттар бойынша осы уақытқа дейін ата-аналар мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері, сынып жетекшілерден жеке консультациялар, интерактивті әңгіме, консультация-рефлексия жүргізілуде. «Әкімшілік қабылдау бөлмесі» бойынша арнайы кесте жасалғалы түрлі мәселелер бойынша өздерінің ойларын жеткізуге келіп жатқан ата-аналардың да саны көбейіп келеді. Мектеп директоры Кемер Уразбековке өзара ұштасқан екі ұғым білім мен тәрбие, жасөспірімдерді вакцинациялау, гигиеналық талаптар төңірегінде жеке қабылдауға келсе, оқу, тәрбие ісінің орынбасарларына баланың пәндік білімінің сапасы, тәрбиедегі белсенді әрекет, тегін тамақтану, автобус тасымалы сынды түрлі тақырыптар бойынша туындаған сұрақтардың шешімін табуға тырысуда.
Аталмыш «Үндестік» жобасына мектебіміздегі 22 сынып жетекшілерінің де қосып жатқан үлесі толассыз. Сынып жетекшілерге жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі жаңа заман талабы, оның прициптері жүктеліп отырған ауыр жүк екендігі баршамызға белгілі. Ата-аналар мен мектеп ұжымы арасында туындап жатқан мәселелерге қатысты түрлі формада жұмыстар атқарып, кері байланыс алып, өзінің істеген іс-әрекеттеріне есеп беріп отырады. Міне, біз үшін «Үндестік» жобасының маңыздылығы да осында. Алдағы уақытта да ата-аналардың білім беру ұйымының әкімшілігімен өзара іс-қимылы жақсарту, педагогтер мен ата-аналардың қызметін көтермелеу бойынша жұмыстарымыздың нәтижесін көреміз деген сенімдеміз.
Эльмира ДҮЙСЕНБАЕВА
Ғаббас Жұмабаев атындағы
Боровской мектеп-гимназиясы
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Меңдіқара ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.