NIS оқушылары марапат биігінде

Выпуск - №9(557)   :   06.03.2023
560

Зияткерлік мектептердің оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен олимпиаданың 3-кезеңінде Қостанай қаласындағы NIS-нің 35 оқушысы өз білімдерін сынады. Оның ішінде 13-і жүлделі орынды иеленді.

Осылайша жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың желілік кезеңі аяқталды. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Анастасия Бармина бірінші орынды жеңіп алған шәкірттері Тамирис Ибраева мен Дильназ Баймағамбетованы мақтан тұтады.

– Еңбекқорлық, әдебиетке деген сүйіспеншілік, ізденімпаздық қаситтер Тамирис пен Дильназдың көшбасшы болуына мүмкіндік берді. 7-сыныптан бері осы жеңіске жетіп келеміз. Қыздар мұнымен тоқтап қалмайды деп үміттенемін, оларға үздіксіз өсу, жаңа нәрселерді білуге және одан да күрделі міндеттер қоюға ұмтылуды тілеймін, – деп бөлісті Анастасия Бармина.

Ал мектебіміздің тағы бір таңдаулы шәкірті, 8-сынып оқушысы Андрей Энбахтов 9-сыныпқа арналған олимпиада тапсырмаларын мерзімінен бұрын шешті. Оның жас екендігіне қарамастан 10-11 сыныптар арасында өткен «Қазақстандық білім олимпиадасына» қатысып, күміс медаль жеңіп алған тәжірибесі бар.

– Олимпиадаға дайындалу барысында мен 9-сыныпқа арналған тақырыптар бойынша түрлі әдебиеттерді, соымен қатар бейнематериалдарды оқыдым. География пәнінің мұғалімі Алмас Сәдуақасовтың ұстаздың арқасында жаңа деңгейдегі білімді меңгердім. Білім алу жолында маған бағыт-бағдар көрсетіп, қажетті тақырыптар бойынша ақыл-кеңес беріп, 1-орын алуыма көмектесті. Зияткерлік мектептер желісіндегі пәндік олимпиадаға бірінші рет қатысып отырмын. Дегенмен бұған дейін басқа да олимпиадаларға қатысқандықтан, тапсырмалар маған таныс болды деп айта аламын, – дейді ол бізбен әңгімесінде.

Қостанай қаласындағы НЗМ оқушылары жеңімпаздар қатарына қосылды: әртүрлі пәндер бойынша екі екінші және сегіз үшінші орын. Екінші орындарды орыс тілінде оқытылатын қазақ тілі пәнінен Диана Поддубова және қазақ тілінде оқытылатын орыс тілі пәнінен Адия Шожанова иеленді. Ал жүлделі үшінші орынды Екатерина Ким (қазақ тілі), Ильяс Сахиев (Қазақстан тарихы), Аружан Марден (Қазақстан тарихы), Әбділов Тамерлан (физика), Данияр Сарбасов (информатика), Әсел Хамитова (биология), Айзере Баймулдина (география), Әнуар Мұсаев (география) сынды оқушыларымыз иеленді.

Желілік кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері үстіміздегі жылдың наурыз-сәуір айларында өтетін республикалық олимпиадада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ намысын қорғайтын болады. Оларға сәттілік серік болсын дейміз!

Абылай ҚАСЫМОВ,
Қостанай қаласындағы
НЗМ баспасөз хатшысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.