NIS шәкірттері үздіктер қатарында

Выпуск - №45 (542)   :   19.11.2022
882

Жуырда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан білім олимпиадасы өткізілді.

Алғыр шәкірт Андрей Енбахтов жетекшісі Алмас Садвакасовпен

Республикалық олимпиада қазан айының 15-16 күндері мамандандырылған және дарынды балаларға арналған мектептердің 10-11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ұйымдастырылды. Әрбір пән бойынша республика көлемінде 200-ден астам білім алушы қатысты. Оқушылардың өзін көрсетіп қана қоймай, жақсы тәжірибе алып, жаңа білім жинақтауға мүмкіндік беретін білім додасына Қостанай қаласындағы НЗМ-нен жалпы 6 бала қатысуға ұсыныс білдірген.

азарбаев Зияткерлік мектебінен 4 оқушы география пәнінен, 1 оқушы физика пәнінен, 2 оқушы информатика пәнінен қатысқан. Олардың 4-еуінің жұлдызы жоғары болып, білім додасына медальмен оралды. География пәнінен алтын медальге Айзере Баймулдина (жетекшісі Қарлығаш Асанова), күміс жүлдеге Андрей Енбахтов (жетекшісі Алмас Садвакасов), қола медальге Ануар Мусаев (жетекшісі Алмас Садвакасов) ие болса, физика пәнінен Арайлым Есенбаева (жетекшісі Евгений Подгайный) қола медальді иеленді.

– Білім алушылардың жоғары деңгейге жетуіне ықпал ететін негізгі бағыттардың бірі – балалардың болашағына сөзсіз әсер ететін пәндік олимпиадалар дер едім. Себебі олардың жоғары оқу орындарына сәтті түсуіне ықпалы мол болғандықтан, мектебімізде оған ерекше көңіл бөлінеді. Өзінің бағыты бойынша алдағы уақытта жоғары жетістіктерге жетуге қабілетті деген оқушыларды анықтау мақсатында 7, 8-сыныптарда жылына үш рет рейтингтік олимпиадаларды өткіземіз. Республика бойынша ұйымдастырылатын пәндік олимпиадаларға оқушылар 9-сыныптан қатыса алады. Дегенмен кейбір 8-сынып оқушыларын, қабілетіне қарай, олимпиадаларға қатысуға тартамыз. Бұл олар үшін жақсы тәжірибе әрі екі жыл бойы өзінен жоғарғы сынып оқушыларымен бір деңгейде білімін сынап көруге таптырмас мүмкіндік,– дейді НЗМ-нің олимпиада бойынша үйлестірушісі, информатика пәнінің мұғалімі Борис Зеленов.

Олимпиададан медальмен оралған НЗМ оқушылары

Борис Александровичтің айтуынша, жақсы программист болатын бала – білімді тек мектепте алатын бала емес, өздігінен де ізденуі керек. Сол сияқты география да қызығушылық болса, білімін үздіксіз жетілдіре беруге болатын пән. Демек бәрі де баланың қызығушылығына келіп тіреледі. Ал түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар балалардың жаңа білім алуына бір серпін береді. Мектептің 8-сынып оқушысы бола тұра, олимпиадада 10-сынып оқушыларының арасында оза шауып, 2-орынға ие болған дарынды бала Андрей Енбахтовқа жеке тоқталмай кетуге болмас. Жетекшісі география мұғалімі Алмас Садвакасовтың айтуынша, оның пәнге деген қызығушылығы ерек.

– Олимпиаданың теория мен практика кезеңдері де арнайы дайындықты, белгілі білім деңгейін талап ететіні рас. Бұның бәрі балалар үшін, әрине, жақсы бір тәжірибе. Шәкіртім Андрей былтыр жасөспірімдер арасындағы география пәні бойынша НЗМ мектептері арасындағы желілік олимпиадада 1-орынға ие болып, абсолютті чемпион атанды. Биыл да, міне, 8-сыныпқа көшкенмен, қабілетіне қарай республикаға жіберген едік, жүлдемен оралып, білім деңгейін дәлелдеді, – деп атап өтті Алмас Жұмашұлы.

Адрейдің әкесі Александр мен анасы Салтанаттың айтуынша, баланың қабілеті кішкентайынан біліне бастаған. Бастапқыда әлем елдерінің астанасын жаттап өскен Андрейдің географияға деген қызығушылығы толастаған емес. Саналы құштарлықтың – биікке жетелейтінін осыдан-ақ аңғарсақ абзал


Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген
Абылай ҚАСЫМОВ

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.