Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

NIS түлектері сүйікті мектебінде

Выпуск - №51 (548)   :   04.01.2023
780

Түлектер жан-жаққа қанат қаққанмен, ешқайсысы мектебін, ұстаздары мен сүйікті сыныбын ұмытпайтыны рас. Қостанай қаласындағы NIS-те «Alumni NIS» Түлектер қауымдастығының қолдауымен «Samgau» атты түлектер форумы өтті.

Қара шаңырақ түлектерімізге мектеп жылдарындағы жылы естеліктер атмосферасына енуге мүмкіндік берді. Әр жылғы түлектер бір ортада бас қосып, болашақ мамандығы мен университет таңдаудағы тәжірибелерімен бөлісіп, NIS оқушыларының кәсіби дамуына үлес қосты. Олардың презентациялары TEDx форматында өтті. «Alumni NIS» қауымдастығы – NIS түлектерін бір-бірімен және мектеппен байланыстыру үшін құрылған. Аталмыш орта 2018 жылдан бері түрлі іс-шаралар мен жобалар арқылы түлектерді біріктіріп келеді.

– Мектеп әрбір түлек үшін үлкен мүмкіндіктер ашады, олар құнды біліммен қатар нағыз достарды кезіктіреді. Адалдық, Отанға деген сүйіспеншілік, толеранттылық, меритократия сияқты ортақ құндылықтарды ұстанады. Уақыт өте келе олардың бойында мектебі мен ұстаздарына, сыныптастарына деген шынайы алғыс сезімі пайда болады. Білім шаңырағынан сусындаған дүниелерін шынайы бағалай бастайды. Ал бұл алған білімдерімен, өз тәжірибелерімен, әрине саналы түрде және тегін бөлісуге деген шексіз құлшыныс тудырады, – дейді «Alumni NIS» елшісі Қымбат Хаумбетова.

Түлектердің арасында спортшылар да, оқу озаттары да, болашағы үшін ғана емес, ел игілігі үшін өсемін деп сенетіндер де баршылық. Мәселен, түлектеріміздің бірі Анель Касымова өз сөзінде: биохимияның дамуына тек Ұлыбритания қауымдастығы үшін ғана емес, мектебі мен елі үшін үлес қосуға үміттенетінін жеткізді.

– Мектебіміздің дамуына әрі көркеюіне, керемет түлектерді шығаруға және біз сияқты тамаша студент болуға өз тарапымнан ықпал ету мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Сонымен қатар мектебім маған қазіргі уақытта аса қажет және болашағымда да пайдама жарайтын дағдыларды үйреткенін ерекше атап өткім келеді. Сол үшін де қара шаңырағыма алғысым шексіз, – дейді мектептің 2021 жылғы түлегі, Ұлыбританиядағы Бристоль университетінің студенті Анель Қасымова.

Форум бағдарламасына Қостанайдағы NIS оқушыларының түрлі республикалық және халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған ғылыми жобалары да енгізілді. Мектеп оқушылары шақырылған түлектерге ғылыми жобаларын ұсынып, «кері байланыс» алды. Форум соңында шақырылған түлектер 10-11 сынып оқушыларымен кездесіп, олардың болашақ мамандығын таңдауына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Түлектер Қазақстанның және шетелдердің жоғары оқу орындарында қалай білім алып жатқандары туралы айтып берді.

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2021 жылдың түлегі Асқар Гайсин Назарбаев Университетіндегі студенттік өмірі жайлы егжей-тегжейлі баяндаса, 2022 жылғы түлектер Ксения Тушинская мен Дарья Мамратова АҚШ-та оқудың қыр-сырымен бөлісті. Диалог алаңында қалыптасқан бейресми және достық атмосфера оқушыларға болашақта оқуға түсуге қатысты әр түрлі тақырыптарды талқылауға мүмкіндік берді.


Абылай ҚАСЫМОВ,
Қостанай қаласындағы
НЗМ баспасөз хатшысы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.