Ноутбук – сүйікті газеттен

Выпуск - №23 (419)   :   10.06.2020
389

«Білімді ел – Образованная страна» республикалық басылымы ұйымдастырған «Цифрлық білім беру: Қашықтан оқыту» республикалық байқауы мәресіне жетті. Бір айға созылған байқауға 41 адам қатысты.

Байқаудың басты шарттарының бірі – 2 минуттан тұратын бейнеролик істеп, қаралым, лүпіл жинау және пікір қалдыру болды. Жалпы аталмыш байқауға оқытушы және білім алушының қатысуына рұқсат берілді. Ал бас жүлдеге 1 білім алушы мен 1 оқытушыға ноутбук бекітілді. Республикалық басылым тарапынан бекітілген барлық шарттарды орындап, көп лүпіл, қаралым жинап жеңіскен жеткен жанның бірі – Қостанай обылысы Рудный қаласындағы №13 орта мектептің 3 «Ә» сынып оқушысы, шәкіртім Ердос Абилхайыров болды.

Ердос 2 минуттық қысқа бейнероликте қашықтан оқудың тиімділігін, карантин уақытын тиімді пайдалану қажет екендігін айта келіп, әкесінен домбыра үйреніп, өзінің өнерден құр алақан еместігін, ал бауырына сабақ үйретіп, бауырмал екендігін де көрсете алды. Бұл байқау үстіміздегі жылда жеткен ең үлкен биігіміз болды. Қиындығы мен қызуы бірге жүрген байқауға қаысуымыз әр минут сайын «қалай қаралым жинаймын?», «қалай жеңіске жетемін?» деп әлекке түсумен өтті. Шәкіртімнің жеңіс тұғырына көтерілгеніне өте қуаныштымыз. Осы тұста Ердостың ата-анасына алғыс айтқым келеді. «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» дегендей, ата-анасының қолдауының арқасында Ердостың бағындырар белесі әлі алда деп сенемін.

2019-2020 оқу жылының төртінші тоқсанында заманауи технологияларды пайдалану арқылы қашықтан білім алуға көшкен сәтте «Білімді ел – Образованная страна» республикалық білімділік, қоғамдық-саяси газеті еліміздің аумағындағы қашықтан оқыту тәжірибесінің тиімділігін насихаттау арқылы көпшілікті ынталандырып, ұйымдастырған байқауын қызықты ете алды. Байқау негізінен қашықтан оқуға қатысушы педагогтердің тәжірибе алмасуына көмектессе, білім алушыларға қашықтан оқытудың тиімді жолдарын тізбектеп, уақытты тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетті. Одан бөлек ата-аналар тарапынан байқауға деген қызғушылық та артты деп сеніммен айта аламын. Келешекте баланы ынталандырып, еңбекпен жеңіске жетелейтін байқаулар көп болса деп тілейміз.


Іңкәр БАҚЫТБЕК,
№13 ОМ бастауыш
сынып мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.