НЗМ Тәуелсіздік жылдарына сапар шекті

Выпуск - №№36(483)   :   15.09.2021
324

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында қыркүйектің 15-і күні Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ ұйымдастырған «Жасампаздық пен даму жылдары» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Оған қаламыздағы НЗМ-де қазақ және орыс тілдерінде білім алатын 11-сынып оқушылары қатысты. Тағы бір ерекшелігі – онлайн форматта да байланысу мүмкіндігінің болуы. Сонымен қоса жалпы есепке алсақ, ашық сабаққа облыстың 82 жалпы білім беретін мектебінің 2,5 мыңға жуық оқушысы қатысты. Ал бақылаушы ретінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова қатысып, өзінің ой-пікірлерін ортаға салды.

Сабақтың тақырыбы 30 жыл бойы ел үшін тәуелсіздіктің маңызы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі және жаһандық бейбітшілік бастамаларының бірі туралы сұрақтарды анықтауға бағытталған және де әлемдік бастамалардың бірі Семей ядролық полигонының жабылуы жайлы тақырып қозғалды. Мектебіміздің Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Дамир Исиргепов бастаған ашық сабақта Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен халықаралық аренадағы маңызды шешімдері талқыланды.

Мектептің мұғалім-ұйымдастырушы-кураторы, тәуелсіздіктің құрдастарының бірі Изат Жарбулов ашық сабақта өзінің өмір жолы, мұғалімдік мамандыққа қалай келгені туралы айтып, табысқа жету формуласымен бөлісті. Ол өзінің Тәуелсіздік құрдасы ретінде аталмыш ашық сабаққа қатысып, оқушыларға өзінің кәсіби қызметі мен жобалары жайлы бөлісу мүмкіндігіне ие болғаны үшін қуанышты екенін жеткізді. Әңгіме барысында Бақыт Амангелдіқызы оқушыларға Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуы, мемлекеттің құрылуы мен дамуындағы Елбасының рөлі туралы айтып, соңында оқушыларға оқуда сәттілік, ал қатарластарына үлгі болуын тіледі.

Өз кезегінде Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары алған әсерлері туралы айтып, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу тарихына  таңданыстарын білдіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. «Сабақ барысында Қазақстанның жетістіктерге жетуіндегі күшті жақтарын, мүмкіндіктерін, кездескен қиындықтарын талдадық. Болашақта еліміздің ғылымда, физика, IT салаларда жетістіктерге жеткім келеді. Осы бағыттарды дамыту біз, яңни жас ұрпақ үшін басты тапсырма», – дейді 11-сынып оқушысы Фарида Бекентаева.


Абылай ҚАСЫМОВ,
Қостанай қаласындағы «НЗМ»
баспасөз хатшысы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар

5 дней назад в 13:48

Мәдениет

Путь, заданный великим учителем

6 дней назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

6 дней назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

6 дней назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

6 дней назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.