Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай Ы.Алтынсарин атындағы Обаған мектебінде облыстық «Саптық ән» байқауы өтті. Оған «Жас сарбаз» мамандандырылған 5-11 сыныпта тәрбиеленуші оқушылар қатысты.
.jpeg)
Ауған қаһармандарын қадірлеп, құрметтеп, рух жасампаздығымен жаңартуды көздеген шара алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Талғат Сейдазымовтың ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Ақмаржан Бермаганбетова; Алтынсарин және Қостанай аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің басшысы, подполковник Сабит Аймуханов; Алтынсарин және Қостанай аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі бастығының орынбасары, капитан Малик Ренов; Ауған соғысының ардагерлері Сапарғали Туткушев, Ербол Ибраев қатысты. Іс-шара барысында келген қонақтарды мектеп оқушылары мектеп тарихымен таныстырып, мектеп басшысы Н.Ахмадиева құттықтап, жас сарбаздарға сәттілік тіледі.
Ауқымды жиынға облысымыздың түкпір-түкпірінен, атап өтер болсақ, мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебі, Рудный қаласындағы №19 жалпы білім беретін мектебі және Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінің «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптарының тәрбиеленушілері қатысып, өздерінің саптық элементтерді орындау шеберліктерін ортаға салды. Жас сарбаздар үлкен дайындықпен келген. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша, мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебі 1-орын, Рудный қаласындағы №19 жалпы білім беретін мектебі 2-орын және Ы.Алтынсарин атындағы Обаған мектебінің «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптарының тәрбиеленушілері 3-орынды иеленді.
Облыстық деңгейдегі шара жоғары деңгейде өтті. Ауған соғысының тарихи маңызын ашу, егемендік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, бүгін әр салада елдің дамуына ат салысып жүрген ардагер жауынгерлерді құрметтеу – біздің борышымыз.
Арайлым АХМЕТЖАНОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Обаған ЖББМ
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Алтынсарин ауданы
Келешек мектепте Ыбырай қоңырауы сыңғырлады
Увлекательное развитие речи
Есть только одно средство стать культурным человеком – чтение
Место, где рождаются мечты и раскрываются таланты
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.
Коллектив Айдарлинской общеобразовательной школы из года в год остаётся преданным и постоянным читателем газеты «Учительская плюс». Я глубоко убеждена, что это издание – незаменимый и важнейший ориентир для каждого современного педагога. На страницах газеты оперативно освещаются ключевые новости образования, публикуются практические статьи, ценные методические рекомендации и масса полезных материалов. Особая ценность издания для нас заключается в возможности знакомиться с передовым опытом коллег из других школ и черпать свежие, вдохновляющие идеи для собственной практики. В то же время газета даёт и нам прекрасный шанс заявить о себе: публиковать свои достижения и делиться наработками с широкой аудиторией. Именно поэтому «Учительская плюс» для меня – одно из самых важных изданий, напрямую способствующих профессиональному росту.