Ойдағыдай өткен онкүндік

Выпуск - №9(506)   :   10.03.2022
459

Қазіргі ғылым мен техника қарқынды дамып, еліміздің өзге елдермен иық тіресіп, ғылым мен білім саласы бойынша бәсекеге түсетіндей жағдайға да жеттік. Әрине, бұның барлығы тынымсыз еңбектің арқасында.

Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебінде жаратылыстану және математика бағытындағы пәндер онкүндігі болып өтті. Негізгі мақсат – жаратылыстану және математика бағытындағы пән сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларында оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.

Онкүндік жаратылыстану бағытында сабақ беретін ұстаздар өздерінің жоспарланған сабақтарын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Онкүндік аясында ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар мектеп қабырғасында, яғни кезекші сыныптармен өткізілді. Барлық санитарлық талаптар сақтала отырып,жасалынғанын айта кеткен жөн. Ал кейбір пәндерден ашық сабақтар қашықтық сыныптарда болғандықтан, қашықтан берілді. Сабақтарды өткізу барысында пән мұғалімдері өздерін жан-жақты қырларынан көрсете білді.

Қазіргі жағдайға өздерінің қаншалықты дайын екендіктерін көрсетіп, түрлі білім платформаларымен жұмыс істей алатындықтарын аңғартты. Мысалы, Kundelik.kz, BilimLand, Online Mektep платформасында онлайн конференция және Zoom бойынша сабақтарын өте жоғары деңгейде өткізді. Сонымен қатар Kahoot, Quizizz, Google test, тест бағдарламаларын сабақтарында тиімді пайдалана білсе, сондай-ақ QR код арқылы тапсырма беріп, жаңа әдістерді пайдаланып, сабақтарында ұтымды қолдана білді.

Ал сыныптан тыс іс-шаралар барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, ұйымдастырылды. Мысалы, 8-9 сыныптар арасында «Жас географ» тақырыбында интеллектуалды ойын өтті. Онда оқушыларға жаратылыстану және география пәндеріне қатысты және логикаға негізделген түрлі қызықты сұрақтар жасырылды. Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Жоғары білім деңгейін көрсеткен 8-сынып оқушыларынан құралған топ жеңіске жетті. Пәндер онкүндігі жоспарға сай өтіп, мақсатына жетті деп есептеймін.

Жаңа ғасырға сай барлық әдіс-тәсілмен қаруланған ұстаздарға жаңашыл әдіс-тәсілдер еш қиындық туғызған жоқ. Онкүндікте өткізілген әрбір ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар әлеуметтік желідегі мектебіміздің парақшасында жарияланып отырды. Оған кез келген уақытта қосылып, білім ордамыздың қабырғасында өткізілген іс-шаралармен толық танысып шығуға мүмкіндік бар.


Қаламқас ДУЛЫБАЕВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный ЖББМ математика
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!