Білім мен ғылым – үлкен жауапкершілік пен тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Күні кеше өткен республикалық олимпиада нәтижесінде облысымыздың қоржыны 28 жүлделі орынмен толықты. Оның 8-і қаламыздағы «Білім-Инновация» лицей-интернаты оқушыларының еншісінде.
Нақтылар болсақ, 25-30 сәуір аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасына еліміздің барлық өңірлерінен химия, физика, математика, география, тарих және басқа да пәндердің білгірлері республикалық кезең жүлдегерлерінің қатарында болу құқығы үшін жарысты. Аталмыш олимпиаданың облыстық кезеңінен жүлдеген атанған 77 оқушы өңірімізді қорытынды кезеңде таныстырып, жоғарыда айтып өткеніміздей, 28 жүлделі орынды, оның ішінде 7 алтын, 9 күміс, 12 қола медальді қанжығасына байлады.
Биыл облысымыздағы мектептердің ішінде «Білім-Инновация» мектеп-лицейінің оқушылары үздіктердің қатарынан табылып, бұрын-соңды болмаған нәтиже көрсетті. Олар иеленген үш алтын, үш күміс және екі қола медаль соның дәлелі болса керек. Жүлдегерлердің қатарынан табылған үздіктерге тоқталсақ, 9-сынып оқушылары Арсений Самойленко физика пәнінен, Ананәлі Қали химия пәнінен және Андрей Паршиков химия пәнінен алтын медальге, 9-сынып оқушысы Нұрлан Базылтай биология пәнінен және 11-сынып оқушылары Азат Әмірғали мен Шоқан Нақан физика пәнінен күміс медальге қол жеткізді. Ал 10-сынып оқушысы Расул Ержанов Қазақстан тарихы пәнінен, 9-сынып оқушысы Жан Даутов математика пәнінен қола жүлдеге ие болды. Бұл – соңғы жылдары математика пәнінен облыс қоржынына түскен алғашқы медаль.

– Республикалық олимпиадаға біздің мектептен 14 оқушы қатысып, оның 8-і жүлдері орынға ие болды. Жүлдегерлеріміз – олимпиаданың 4 кезеңінен де сүрінбей өткен үздіктер, – дейді Сұлтан Ахметов. – Химия пәнінен олимпиада екі кезең бойынша жүргізілді. Алғашқы теориялық кезеңде есеп шығарса, екінші кезең тәжірибе жасауға негізделді. Дегенмен тәжірибелік кезеңнің ерекшелігі сол: химиялық приборлар қолданылмай, берілген бейнематериал арқылы анализ жасалды. Шәкірттеріміздің білім деңгейлерін көрсетіп, республикада озып шыққаны олардың ғана емес, ұстаздары мен мектебінің, бүтіндей бір облыстың жетістігі.
Биыл бітіруші түлектердің қатарында болғандықтан, Шоқан Нақан мен Азат Әмірғали мамандығын сүйікті пәні физикамен байланысты таңдап, белін бекем буып отыр. Шоқанның таңдаған мамандығы – инженер-электрик болса, Азат болашағын ұшақтар мен зымырандармен байланыстырады. Жыл сайын олимпиадаға қатысып, биыл алтын медальге ие болған Асанәлі Қалидің айтуынша, олимпиада біліміңді тексеру мүмкіндігі ғана емес, өзіңмен ниеттес, ұстанған бағыты бір адамдармен танысудың таптырмас жолы.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.