Рудный қаласындағы №13 жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағыты бойынша мақала тақырыбымен аттас жоба ұйымдастырылды. Оған 1 «Ә» сынып оқушалары қатысты.

Аталмыш шараны балалардың шығармашылық іс-әрекеттері арқылы кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, сондай-ақ рухани қажеттілікке баулу мақсатында ұйымдастырдық. Себебі балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін мектепке дейінгі жастан бастап арттыру керек. Осы тұста қолға алынған «Оқитын ұлт – оқитын мектеп» жобасына балалардың қатысуы маңызды болды. Неге десеңіздер, ол балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, зейіндерін ашып, түйінді ойды тұжырымдауға мүмкіндік береді. Жалпы жоба 2 кезеңнен құралды. Әр кезең міндеттелген жұмысқа қарай орындалды.
Бірінші кезең «Ертегілер әлемінде» деген атауда өткізілді. Балалар кітапханадан ертегі кітап алып, оны ата-анасымен бірге оқып, ертегілерін өз сөздерімен әңгімелеп берді. Бұл кезеңде балалар ойларын анық, нақты жеткізе алды. Нәтижесінде ертегіден түсінген ойын жақсы әңгімелеп берген оқушылар – Асылхан Еркин, Нұртас Жеңісбай, Ерасыл Ниязбеков, Индира Кенесбай мақтау қағаздарымен марапатталып, қосымша тәтті сыйлықтарға ие болды. Балалардың жұмыстары instagram желісіндегі мектептің парақшасына жүктеліп, оқырмандар тарапынан қошеметке ие болды.
Екінші кезең «Ертегі туралы білгенімді айтамын» тақырыбында сұрақ-викторина түрінде өтті. Бұл кезеңде балалар оқыған ертегілері бойынша қызықты сұрақтарға жауап берді. Олардың қатарында «Аққу қаздар», «Қайырымды мен Арамза», «Ақылды қыз» ертегілері талқыланды. Барлық балалар белсенділік танытып, сұрақтарға нақты жауап берді. Дұрыс жауап берген балаларға жұлдыз жетондары берілді. Оқушылардың арасында жетондарды көп жинаған Сержан Нурышбеков, Елжан Нурышбеков, Ақниет Кәрімжан, Жақсыбек Алиякбаров, Аяжан Таңатар, Бақытжан Дусенов, Лаура Барат, Ренат Медет, Нурбиби Жумагалиева сынды оқушыларымыз белсенділік танытқандары үшін марапатталды.
«Оқитын ұлт – оқитын мектеп» мектепішілік жобасы оқушылар арасында жақсы деңгейде өтті деуге болады. Ертегі кейіпкерлерінің жақсы-жаман тұстарын анықтап, түйінді ой қорыта алды. Балалар әңгімелеген оқиғаларының тек жақсы тұстарын бойына сіңіріп, үлгі аларлық жақтарын жадына тоқыды.
Гүлхан ЗАКАРИЯ,
№13 ЖББМ бастауыш
сыныптар мұғалімі,
Меңдігүл АСЫЛБЕКОВА,
мектеп кітапханашысы,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.