Міне, оқу жылы да аяғына жетті. Істелген іс, атқарылған жұмыс еңбектің нәтижесін көрсетері анық. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл мерейлі мерекесі қарсаңында Ахаңның есімін иеленген мектебімізде «Жыл премиясы-2023» атты марапаттау кеші өтті.

Іс-шара жыл бойы талмай еңбек етіп, мектеп абыройын асқақтатқан ұстаздар қауымы мен оқушыларды қошеметтеуді көздеді. Мерейлі шара Рудный қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, тіл жанашыры Жақсылық Кәкенұлы және мектеп директоры Гүлжазира Смагулованың игі лебіздерімен басталды.
Осы өткен 2022-2023 оқу жылы мектеп үшін қанжығалы болды деуге әбден негіз бар. Атап айтсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп басшысы Гүлжазира Гинятовнаның авторлық бағдарламасы республикалық оқу-әдістемелік сараптамалық кеңесте мақұлданды. Тарих пәнінің мұғалімі Айгуль Сейтказиева «Үздік тарих пәнінің мұғалімі» облыстық байқауының қалалық кезеңінде жүлделі І орынға, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мадина Аханова «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» қалалық байқауында жүлделі ІІІ орынға, бастауыш сынып мұғалімі Аружан Ыбырай «Жас мамандар вернисажы» қалалық сайысында жүлделі ІІІ орынға, ағылшын мұғалімі Владимира Михайлюк «Учитель будущего» қалалық байқауында ІІ орынға, мектеп психологы Акмарал Саденова республикалық «Үздік психолог» байқауының қалалық кезеңінде жүлделі ІІІ орынға және математика пәнінің мұғалімі Анаркул Умбетбаева «Педагогическая копилка» қалалық байқауында номинация иегері атанды.

«Ұстаз мерейі – шәкірт жеңісінде» деп бекер айтылмаса керек. Ұстаздарымыздың өз жетістігінен бөлек, шәкірттері де түрлі деңгейдегі байқаулар мен олимпиадалардан жүлделі орындарды қанжығасына байлады. Атап өтер болсақ, жалпы білім беретін мектептер бойынша пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде ІІІ орын, «Зерде» ғылыми жобалар сайысында жүлделі І, ІІ, ІІІ орындар иеленгені тағы бар. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» мектебіміздің үздіктерін марапаттау мақсатында өткізілген кеш барысында ізденісі мен кәсіби шығармашылығы, дарыны мен еңбегі жоғары деңгейде үндескен педагогтер мен оқушылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

«Жыл мұғалімі», «Үздік жас маман», «Жыл сынып жетекшісі», «Үздік қосымша білім беру педагогі», «Шығармашыл мұғалім», «Ізденімпаз мұғалім», «Үздік әдістемелік бірлестік», «Тәрбие бойынша үздік бірлестік», «Жыл оқушысы», «Дарынды оқушы», «Талантты оқушы», «Жыл сыныбы», «Жыл үздігі» – осы аталымдардың бәрі де өзінің лайықты иесін тапты. Әр марапат иесі мақтау қағазы мен сыйлықтарға ие болды. Іс-шара барысында ән мен би орындалып, көңілді атмосфера орнады.
Гүлшат ИБЖАР,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ЖББМ директордың
әдістемелік ісі жөніндегі
орынбасары,
Рудный қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!