Техника қарыштап дамып жатқан заманда өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесінің тоқырауға ұшырап бара жатқандығы жасырын емес. Сондықтан да Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы бұл мәселеге қатысты тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың: «Біздің балаларымыз кітапты оқуға келгенде жалқаулық танытатыны бір бөлек, кейде оқыған мәтінді нашар түсініп, дұрыс қабылдай алмайды. Бұл шын мәнінде ұлттың қабілеттілігіне әсер ететін үлкен проблема», – деген сөзімен толықтай келісемін. Негізінен кітапхана қорында көркем әдебиет саны жеткіліксіз. Алайда қазіргі таңда кітапхана жұмысындағы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ауқымды шаралар қабылданып, жүзеге асып жатқандығы бізді қуантады.
Заман талабына сай оқушылардың көбісі ақпараттарды цифрлық технологиялар арқылы алатынын ескерсек, мектеп кітапханаларын цифрландыру жұмысы да кезек күттірмейтін мәселе болып тұрғандығын аңғаруға болады. Осыған орай көркем әдебиеттің электронды нұсқаларын интернет және мобильді қосымшалар арқылы қолжетімді ету қажет. Мұндай жобалар қазірдің өзінде мектебімізде қолға алынуда. Жоғарыда атап өткен міндеттерді шешу жалпы білім беретін мектептердің ғана емес, сонымен қатар ата-аналардың да уақытын және күш-жігерін талап етеді.
Қостанай қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» атты жобасы ұйымдастырылып жатыр. Қазіргі елдегі туындаған ахуалға байланысты «Оқуға құштар мектеп» жобасы қашықтан өткізілуде. Бұл жобаға мектеп оқушыларымен бірге ата-аналар да белсене қатысуда. Қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай мектеп кітапханасында «Абай – дара, Абай – дана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әлбетте, Абай шығармаларын сүйіп оқуға, өмір жолы мен адамдық қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру басты назарға алынды.
Оқушылар мен ата-аналарға электронды кітаптарға сілтемелер ұсынылып, оқушылар отбасы мүшелерімен бірге көктемгі демалыста ұсынылған әдеби кітаптарды оқыды. Одан қалды кітапханада «100 кітап» жобасы, «Отбасымен оқу клубы» жұмыстары да онлайн түрде әрі қарай жалғасын табуда. Үстіміздегі оқу жылында «100 кітап» жобасы және «Отбасымен оқу клубы» жобасы қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбаевтың және ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің шығармашылығына арналды.
Көркем әдеби кітаптарды оқу арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейеді, оқу сауаттылығының дағдылары артады, сонымен қатар тәрбиелі, мәдениетті болуға септігін тигізеді және рухани азық алады. Ұлт болашағы кейінгі ұрпақтың қолында екенін ескерсек, «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасын жүзеге асыра отырып, оқушылардың кітап оқуға деген ықыласын арттырайық дегім келеді.
Ляззат САДВАКАСОВА,
№10 ЖББМ кітапхана
меңгерушісі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.