Оқуға құштарлық танытқан мектеп

Выпуск - №7 (555)   :   16.02.2023
681

Раздольный ЖББ мектебінде 2 «Б», 3 «Б» сынып оқушылары мен олардың ата-аналары үшін мектеп кітапханашысы Ю.Мандрик және бастауыш сынып мұғалімі И.Рыбас «Ертегіге бару» отбасылық ойынын өткізді.

Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына», – десе, Абай атамыз: «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге», – деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің. Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», – деп әр тұлға оқуға тиіс деп айтқан.

Қазір осы бағытта маңызды бағдарламалар жасалуда. Соның бірі – мектебімізде жүргізіліп жатқан «Оқуға құштар мектеп» жобасы. Аталған жоба оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыра отырып, олардың белсенділігін, шығармашылық әрекетін дамыту мақсатын көздейді. «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ел» жобасы балалар оқуының қазіргі дағдарысының басты мәселесі – әлсіз оқу ортасын шешуге бағытталған. Сондықтан бұл мәселені шешу – отбасы мен мектептің бірлескен күш-жігеріне негізделеді.

Отбасылық сайыс барысында оқушылар мен ата-аналар «Кітап құмарлар» және «Знайки» атты екі командаға бөлінді. Олар ойынға белсене қатысып, ата-аналар бір сәт балалық шақтарын еске түсірді. Оқушылар белсенділікпен категорияларды таңдап, әр сұрақ бойынша қызықты ойын өрнегін көрсетті. Іс-шара кітаптардың жаңалықтарымен сүйемелденіп, ойын қатысушылары олармен танысты. Бұндағы мақсат: белгілі ертегілерді қайталау; балалардың көркем әдебиет оқуға деген құштарлығын тәрбиелеу; оқушылар, мұғалімдер, кітапханашылар, ата-аналар арасында кітап оқуды кеңінен насихаттауға жағдай жасау.

Сонымен қатар мектебімізде 8-11 сынып оқушылары арасында сейсенбі, бейсенбі күндері 15 минут кітап оқу акциясы өтілетінін де айта кеткен жөн. Акцияда оқушылар өзіннің оқып жатқан кітаптары бойынша қысқаша мәліметтер айтып, оны басқа оқушыларға баяндайды. Сол арқылы оқушылардың бір-бірін тыңдай білу қабілеті, оқуға деген ынта жігері арта түседі.


Нұрлыбек ЕРЖІГІТ,
Раздольный ЖББМ
8 «А» сынып жетекшісі,
Науырзым ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.