Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Рудный қаласындағы Д.М. Карбышев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде 5 «Ә», 6 «Ә» сыныптарының оқушылары арасында «Жас сарбаз» ант қабылдау рәсімі өтті.

Елімізде 3 жылдан бері «Жас сарбаз» балалар жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының қызметін ұйымдастырылып отыр. Осы қозғалыс аясында біздің мектепте өрт ісін, саптық және атыс дайындығын тереңдетіп оқытатын «Жас сарбаз» арнайы сыныптары ашылды. «Жас сарбаздар» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының мүшелігіне кіре отырып, ҚР-ның Ата Заңын қатаң сақтауға, өз Отанының мемлекеттік мүдделерін қорғауға ант етті.
Бірінші сөз кезегі мектеп директоры Абзал Ағатайға берілді. Кейінгі сөз кезегі сынып жетекшілерінің қызу құттықтауларымен ізгі тілектерімен жалғасты. Ресми шаралар өтіп болғаннан кейін, соңы мерекелік концертке жалғасты. Мерекелік концертімізде патриоттық әндер айтылып билер орындалды.
«Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті», – деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтқан еді. Сондықтан «Жас сарбаздарымызға» сапалы білім және әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызы зор.
Фарида РАЕВА,
Д.М. Карбышев атындағы
№14 ЖББМ директорының
орынбасары,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.