Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
25/10/26 Воскресенье

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы

Выпуск - №17 (413)   :   26.04.2020
435

Абайды қанша жырласақ та артық болмайды. Биылғы Абайдың 175 жылдығына орай ел көлемінде көптеген мазмұнды шаралар ұйымдастырылуда. Одан Заречный мектеп-лицейі де қапы қалып жатқан жоқ.

Мектепте дана ақынның өмір жолы мен шығармашылығына бағытталған тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілуде. Бұл жолы Абайдың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу бойынша мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мен мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларының арасында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай өлеңдерін мәнерлеп оқуға бағытталған сайыс өткізілді.

Мектеп кітапханасында өткізілгендіктен, кітапхана меңгерушісі О.Карандей тақырыпқа сай арнайы көрме ұйымдастырды. Яғни балалар мен мұғалімдер сайыстан бұрын кітапханадағы Абай атамыздың кітаптарының қорын тамашалады. Сайысқа мектебіміздің бетке ұстар оқушылары – 1-сынып оқушысы Маргарита Гришанина, 3-сынып оқушылары Эмин Гусейнов, Ева Мороз, Томирис Нұғұманова, 4-сынып оқушылары Ксения Калинальян, Сымбат Тоқмағұлова, Егор Овечкин қатысты. Әрбір оқушы қазақ тілінде өлеңдерді мәнерлеп оқып қана қоймай, қазақ тіліне тән дыбыстарды да таза жеткізе білді. Барлық оқушы намысқа салып, әрқайсысы бірінші тұғырдан көрінуге талпынды. Дегенмен әділ қазылар алқасы барлығына бірдей алғысын айтып, лайықтыларын жүлделі орындармен марапаттады.

Сайыс соңында әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Р.Майконова оқушыларға алғысын айтып, болашақта оқушыларға Абай атамыздың өлеңдерін ұмытпай, жаттап жүрулерін тіледі. Ал директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Тлеубаева мектебімізде Абай атамыға бағытталған іс-шаралардың әлі талай өткізілетінін жеткізіп, ұйымдастырған қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мен оқушыларына сәттілік тіледі.


З.Қозыбаева,
Ә.Сағынбай,
Заречный мектеп-лицейінің
қазақ тілі пәнінің мұғалімдері,
Қостанай ауданы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар

2 дня назад в 13:48

Мәдениет

Путь, заданный великим учителем

3 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

3 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

3 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

3 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.