Өлеңді мектебіндегі берекелі басқосу

Выпуск - №12(708)   :   27.03.2026
438

Өлеңді мектебіндегі берекелі басқосу(2)

Тіршілікке нәр берген Наурыз мейрамы халқымыз үшін қашанда қастерлі. Көктемнің шуақты күндерімен ұласқан осы бір айтулы мерекеге орай Өлеңді негізгі орта мектебінде «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты кең көлемді әрі мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрімізді жаңғыртуды мақсат еткен бұл жиын оқушылардың бойына патриоттық рух пен адамгершілік қасиеттерді сіңіруде ерекше рөл атқарды. Мереке аясында мектептің спорт залы ұлттық нақышта безендіріліп, қазақы салт-дәстүрден көріністер ұсынылды. Күмбірлеген күй мен әсем әуен қалықтаған кеште мектеп ұжымы мен оқушылар ғана емес, ата-аналар да ұлттық киімдерін киіп, ән айтып, би билеп, өнерлерін ортаға салды.

Өлеңді мектебіндегі берекелі басқосу(1)


Қазақтың дәстүрлі ойындары мен сахналанған салт-дәстүрлер көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, өнерлі өрендердің дайындық деңгейінің жоғары екенін аңғартты. Ата-аналар қауымының белсенділігіне ерекше тоқталып өткен жөн. Қазақтың дәмді тағамдарынан көрме ұйымдастырып, берекелі дастархан әзірлеу арқылы олар мектеп өміріне шынайы жанашырлықтарын танытты. Ұстаздар мен ата-аналардың осындай бірлескен еңбегінің нәтижесінде мереке шынайы жылулық пен ынтымаққа толы болды.
Өлеңді мектебінде жоғары деңгейде өткен бұл думанды іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жас ұрпақтың санасында ұлттық рухты берік орнықтырды. Жаңару мен жақсылықтың нышаны болған әз-Наурыздың осылайша салтанат құруы – елдік бірлігіміз бен дәстүр сабақтастығының айқын көрінісі болса керек.

Гульзада БУХАНОВА,
Өлеңді негізгі орта мектебінің мұғалімі,
Науырзым ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.