Жақында Рудный қаласындағы №19 ЖББ мектебіне ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының есімі беріліп, есім тақтасының ашылу салтанаты өтті. Сондай-ақ Ахаңның өмір жолына қатысты пікірсайыс ойыны да ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға облысымыздың А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылған экспедиция мүшесі И.Ағытайұлы, филология ғ.д., профессор А.Әбсадық, Ахмет ата ұрпақтары Т.Сейдазимов, М.Әбдібек, Н.Милақатов, Рудный қалалық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Ж.Мурзабаева және Рудный қалалық білім бөлімі басшының орынбасары Н.Юдина арнайы қатысып, ұйымдастырылған іс-шаралардың, оқушыларымыздың шығармашылық жұмыстарының куәсі болды.
Сондай-ақ мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері 9-11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде пікірсайыс ойынын өткізді. Тақырыбы: «Akhmet Baitursynov was supported by the nation». Үкімет фракциясының мүшелері: 1-спикер – Аружан Бердалиева, 2-спикер – Даяна Ибраева, 3-спикер – Қарақат Садуахасова. Оппозиция фракциясының мүшелері: 1-спикер – Аружан Канатбаева, 2-спикер – Гульжайна Кенжебаева, 3-спикер – Нұрсұлтан Сақтаған. Ал таймкипер рөлін Меруерт Шертанова атқарды.
.jpg)
Ой додасы барысында оқушыларымыз аргументтер келтіру арқылы ой-пікірлерін ашық әрі нақты жеткізіп, дәлелдей білді. Олардың жан-жақтылығы мен білім деңгейіне тағы бір мәрте көзіміз жетті. Оқушылар АПФ форматын жақсы меңгеріп, дайындықтарының жоғары деңгейде болғандығын көрсете білді. Пікірсайыс ойыны нәтижесінде үкімет фракциясы жеңіске жетті. 11-сынып оқушысы Нұрсұлтан Сақтаған тапқырлығымен, дәлдігімен көзге түсіп, «Үздік спикер» атанды.
Ахмет – қазақ халқының бақыты үшін туған, мақтанышына айналған ұлы тұлға. Ақын шығармашылығы – қазақ халқының өмірінің тұтас энциклопедиясы. Уайым мен ойды, күрес пен азапты өз тағдыры, халық тағдырымен ортақ тағдыр етіп таңдаған Ахмет Байтұрсынұлын тарихымыз құрметпен еске алады. Ахаңның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.
Жадра САРМУРЗИНА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
№19 ЖББМ ағылшын
тілі пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!