Өнер мен білім – өрелі елдің тұғыры

Выпуск - №18(666)   :   16.05.2025
825

2

Қостанай қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектепте эстетикалық пәндер апталығы өтті. Апталықтың ашылу салтанатында «Аспапта ойнай білесің бе?», «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Сөздің көркі – мақал» сынды танымдық ойындар ұйымдастырылды.

Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері А.Сартаева мен З.Қойтбаева «Біздің шығармашылығымыз» атты қолөнер көрмесін өткізді. Онда оқушылар ши тоқу, тұмарша, сәукеле, қамзол, фетрден жасалған бұйымдар мен кинусайга әдісі арқылы орындалған жұмыстарын ұсынды. «Көңілді үзіліс» аясында өткен «Karaoke, break» шарасында оқушылар ән айтып, би билеп, үзіліс уақытын көңіл көтерді. «Секірмек» ойыны балалардың бір аяқпен секіру шеберлігін, ептілік пен жылдамдықты дамытуға бағытталды. Ал «Асық» ойыны қимыл-қозғалысты реттеуге, кеңістікті бағдарлауға, логикалық және шығармашылық ойлауды жетілдіруге, бірлесе әрекет етуге тәрбиелеуге негізделді.

3


Мектеп ұжымы арасында бірлікті нығайтып, саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Көңілді старт» эстафеталық жарысы мен волейбол ойындарын дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Е.Исинтай, А.Маканаев және Р.Қонарбай ұйымдастырды. Қатысушылар шапшаңдық пен ептіліктерін көрсетіп, волейболда тартысты сәттерге толы ойын өрбіді. Музыка пәнінің мұғалімі, жас маман Жұлдызай Сағымбай 5 «А» сынып оқушыларына «Қазақстан халықтарының музыкасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ауызша және жазбаша жұмыстарды орындау барысында оқушылар қазақ және кавказ халықтарының музыкалық дәстүрлерін музыкалық терминологияны қолдана отырып салыстырып, ерекшеліктерін сипаттай білді.
Дене шынықтару пәнінен 2 «Ә» сыныбында «Қозғалмалы ойындар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім Асылбек Маканаев ойындар арқылы оқушылардың төзімділік, жылдамдық, ептілік, батылдық және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал етті. Ал 3 «Б» сынып оқушыларымен «Топтағы эстафета ойындарын» дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Райымбек Қонарбай өткізді. Ойын барысында оқушылар шапшаңдық пен ептіліктерін көрсетті. Мұндай сабақтар балалардың физикалық дамуына ғана емес, ұжымдық дағдыларын қалыптастыруға да ықпал етеді. Ермұхан Исинтайдың жетекшілігімен «Барлығы спорт туралы» атты спорттық викторина бейнеролигі дайындалды. Оған мектеп ұжымы мен 5–11-сынып оқушылары белсенді қатысты.
 

1

Ал Зоя Койтбаевамен бірге біз шаршылы мандала техникасымен «Гобелен-тұмарша жасау» және қазіргі сәндік өнердегі танымал тәсіл ретінде «Принт» матаға сурет салу бойынша шеберлік сабақтарын өткіздік. Мұғалімдер жұмыстарын шығармашылықпен орындап, нәтижесіне көңілдері толып, рухани дем алды. Жалпы, шығармашылық арқылы тәрбиелеу – баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Өнер пәндері балаларды еңбекке баулуға көмектеседі, өйткені шығармашылық процестердің көпшілігі ұзақ уақыт пен күш-жігерді, бірталай төзімділікті қажет ететіні белгілі. Осы арқылы балалар қиындықтарға төтеп беруді, нәтижеге жету үшін еңбек ету керектігін түсінеді.

Алуа САРТАЕВА,
№31 ЖББМ әдістемелік бірлестік жетекшісі,
Қостанай қаласы

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.