Тасты жалпы білім беретін мектебінде «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында жергілікті композиторлармен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Талантты өнер иелерімен жүздесудің негізінде олардың шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен таратып, төл мәдениетке үлесін қосып жүрген тұлғаларды насихаттау арқылы жастардың бойында ұлттық рухты қалыптастыруға бағытталған бұл тағылымды шара мазмұндылығымен есте қалды.
Бағдарламасы бойынша шақырылған құрметті қонақтар Кейкі батыр атындағы тарихи-өлкетану мұражайымен танысқан соң, оқушылармен кездесу алаңына келді. Ең әуелі, жас буын өкілдерінің назарына мәртебелі меймандардың өмірі мен шығармашылық өнері туралы ақпараттар ұсынылып, арнайы әзірленген бейнежазбалар көрсетілді.

Олардың құрамында атақты күйші, танамыл композитор, тағдыр тәлкегіне түссе де (оң қолынан айырылуы), домбырасын қолынан тастамай, өмірлік серік еткен Айтбай Мұздаханов және Амангелді аудандық саз мектебінің директоры, бірнеше күйлердің авторы, облыстық, республикалық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы Кенжеболат Әлібекұлы бар болатын.
Тағылымды шараға мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары, ұстаздар, ауылымыздың өнерсүйер тұрғындары, ауыл имамы, өнерді бағалай білетін Мейрамхан Жәуке қатысты. Қонақтардың сөзінен кейін оқушылар өнерлерін ортаға салып, бірі күй тартса, екіншілері патриоттық ән шырқау арқылы кештің көрігін қыздырды. Қатысушы жастар аға буын өкілдеріне көкейтесті сауалдарын қойып, қонақ кәде сұрады. Жүздесу қорытындысында ұстаздар ұжымының басшысы Айсұлу Әнуарқызы өнер иелеріне ризашылық лебізін жеткізіп, естелік сыйлықпен бірге Алғыс хат табыстады.
Артынша Айтбай Мұздаханов жиналғандарға ақ батасын беріп, қонақтарға қазақтың дәстүрі бойынша шапан жабылды. Ғасырларға жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы үзілмей, аға буын кейінгі жастарға дұрыс бағыт пен бағдар беру арқылы жақсылықтарға жетелесе, тәуелсіз еліміздің еңсесі әрқашан биік болары даусыз. Рухани жаңғыруды көздеген бірегей бағдарламаның іске асырылуындағы атқарылатын ауқымды шаралар ұлттың жаңғыруына қызмет жасауы қажеттілігін көрудеміз.
Луиза АБДИРОВА,
Тасты ЖББМ директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.