Өнерлі өрендер анықталды

Выпуск - №47(644)   :   29.11.2024
643

1

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Айсары жалпы білім беретін мектебінде өнерлі оқушыларды анықтау мақсатында 1–9-сыныптар арасында «Біз таланттыларды іздейміз» атты мектепішілік байқау өтті.

Байқау «Вокал», «Хореография», «Көркем-бейнелеу шығармашылығы», «Шебер қолдар» және «Көркем оқу» сияқты бірнеше аталым бойынша ұйымдастырылды. Әрбір бағытта оқушылар өз өнерін көрсетіп, ерекше дарынымен көзге түскен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, сондай-ақ «Үздік әнші» статуэткасымен және сыйлықтармен марапатталды. Өнерпаз балаларға ынталандыру сыйлықтары мен тәттілер де табысталды.
Жүзден жүйрік шыққандарға келер болсақ, «Вокал» бағытында 1-орынға А.Қуаныш, 2-орынға М.Сүлеймен, 3-орынға А.Дәулетбек ие болды. Келесі «Хореография» аталымы бойынша Бас жүлде А.Ғабиденқызына табысталса, 1-орынды Н.Мұратбекқызы, 2-орынды А.Жусипбек, ал 3-орынды Я.Угурчиева иеленді. «Көркем-бейнелеу шығармашылығы» бағытында 1-4 сыныптар арасында 1-орынға Ә.Мұратбекұлы, 2-орынға М.Щерба, 3-орынға Ж.Мырзатай; 5-7 сыныптар арасында 1-орынға Н.Аманжол, 2-орынға К.Мұратбек, 3-орынға А.Какимова; 8-9 сыныптар арасында 1-орынға Р.Дакиева, 2-орынға А.Воропаева, 3-орынға А.Қадамбаева лайық деп танылды.

2


«Шебер қолдар» бағыты бойынша 1-орынды Н.Мырзатай, 2-орынды М.Балғабай, ал жүлделі 3-орынды А.Акназарова иеленді. Және «Көркем оқу» бағытында 1-орын І.-М.Марқабай, 2-орын А.Жұмағали, 3-орын А.Фазылға табысталды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, балалардың жүзінен қуаныш сезімі байқалды. Оқушылардың шабытын арттыруға және байқауды ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Айсары ЖББМ директорының міндетін атқарушы Әлімова Назгүл Едресқызына алғысымызды білдіреміз. Ол ұжымның ақылшысы ретінде туындаған мәселелерді уақытында шешіп, ұстаздарды бір мақсатқа жұмылдыра білетін нағыз ұйымдастырушы.
Сондай-ақ, іс-шараға демеушілік көрсеткен Айсары ауылының жеке кәсіпкерлері Гульмира Мустафина, Альмира Салимжанова, Акбілек Муханбетжановаға және мектебіміздің ұстаздарына ризашылығымызды білдіреміз. Байқау барысында балалардың қуанышқа толы жүздерін, шаттыққа толы сәттерін көру – үлкен бақыт. «Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры» деген дана сөз бекер айтылмаған. Осындай іс-шаралар оқушылардың талантын шыңдап қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Алдағы уақытта мұндай игі бастамалар мектебімізде дәстүрлі түрде жалғасын табады.

Саркын АБЕНОВА,
Айсары жалпы білім
беретін мектебінің аға тәлімгері,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.