Жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу мақсатында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу шеңберінде облысымыздың білім беру ұйымдарында арнайы іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Осы тұста Бауыржан Момышұлы атындағы №5 орта мектепте «Вахта памяти» арнайы акциясы өтті. Әскери-патриоттық бағытты ұстанған білім ордасында оқушылар азаматтық және кадет сыныптарында білім алуда.
Шараға кадет сыныптарының 30-ға жуық тәрбиеленушісі ат салысты. Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылған шара сапқа тұру рәсімінен басталып, білім ордасында 2017 жылдан бері жұмыс істеп тұрған Б.Момышұлы мұражайына жасалған экскурсиямен жалғасын тапты.

– Мұражайда батырдың өмірі мен шығармашылығына арналған материалдар жинақталған. Желтоқсанның 24-інде болатын батырдың туған күніне орай жыл сайын қалалық Бауыржан оқулары өтеді. Ол оқушылардың сурет салу, мәнерлеп оқу, ақындық сынды қабілеттеріне қатысты бағыттарды қамтиды. Бұл күндері мұражай ішінде оқушылардың салған суреттері, батырдың қаламынан туған шығармалар, өмір жолынан сыр шертер мәліметтер қамтылған стенд-қабырғалар қойылған. Әрине, әзірге материал аз. Жазда жол түсіп жатса, Бауыржан атамыздың туған жеріне барып, өзі қолданған дүниелерді алып келіп, мұражайды кеңейту ісін қолға алу ойда бар, – дейді мектеп мұражайының меңгерушісі Айнаш Купобаева.
Білім ордасы 2015 жылы Бауыржан Момышұлының есімін иеленген. Ал жалпы мектепте кадет сыныптары 2011 жылы ашылған. Содан бері жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру ісіне подполковник Черкасов Иван Иванович тікелей ат салысып, қажет бағыт-бағдар беріп келеді.
Мұражайда жасалған экскурсиядан соң акция мектептің екінші қабатында орнатылған Бауыржан Момышұлының бюстінің жанындағы шағын шерумен жалғасып, кейін қару-жарақты жинап-шашу үлгісі көрсетілді. Акция мектеп ауласында барабаншылардың және кадет сыныбының тәрбиеленушілерінің шеруімен аяқталды.
Жалпы Ұлы Жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күніне арналған шаралар облыс көлеміндегі білім ордалары мен колледждерде ардагерлер мен әскери қызметшілердің қашықтан қатысуымен тақырыптық бейне-сабақтар мен онлайн сынып сағаттары өткізіледі деп жоспарлануда. Дәстүрлі түрде қалалар мен аудандарда акциялар аясында қолдарынан келгенше көмек көрсетіп, оларға концерттік бағдарламалар дайындайды.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.