Отан – отбасынан басталады

Выпуск - №1(598)   :   14.01.2024
1348

«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», – деп ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай, балаға әуелі білімнен бұрын, тәрбие берілуі тиіс.

Дана Абай Құнанбайұлы айтқандай: «Адамның бір қызығы – бала деген». Расында да, бала – адам өмірінің бір қызығы, ал ата-ананың үлгісі – сол баланың тәрбие өнегесі. «Ата көрген – оқ жонар, / Ана көрген – тон пішер», «Ұлдың ұяты – әкеге, / Қыздың ұяты – шешеге» деген қазақ мақал-мәтелдерінің ертеден жатталып, айтылып келе жатқаны бекер емес. Бұның бәрі де – халқымыздың даналығы болса керек.


Баласының келешегін ойлаған ата-ана өз мекенін ауыстыруға дейін барып жатады. «Ұлың жақсы болсын десең, ұлы жақсымен көрші бол, қызың жақсы болсын десең, қызы жақсымен көрші бол» деген өнегелі сөз де содан шықса керек. Әрине, себебі бала тәрбиесі – қиын да күрделі процесс. Баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Еліміздің көркейіп, өркениетті елдің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.

«Отан – отбасынан басталады», – дейді дана халқымыз. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасынан басталатын осынау тәрбие отанымыздың да игілігі үшін екенін әрбір ата-ана ұмытпай, жадында сақтаса игі.


Лаура АБИЛГАЗИНА,
Ә.Бөкейхан атындағы
ЖББМ бастауыш
сынып мұғалімі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.