Елбасының Жарлығымен Отбасы күнінің белгіленуі осы институттың ұрпақ тәрбиелеудегі ерекше маңызын көрсетеді. Мерекеге орай Шолақсай жалпы білім беретін мектебінде ата-аналар апталығы аясында жоспарлы іс-шаралар ұйымдастырылды.

Бұл күндері әр сынып оқушылары өз отбасыларымен таныстырып, ойларын ортаға салды. 9-сынып оқушысы Айбын Баймағамбет: «Мен отбасымды – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі деп ойлаймын. Біз анам екеуміз тұрамыз. Анам отбасында жеке адамның бойындағы ар-ұят, ақыл-ойымды адамгершілік, мәдениеттілігімді көтеруде көп үлес қосып отырады. Отбасы – өте қажетті, менің адам болып қалыптасуыма жол ашатын баспалдақ. Сол себептен отбасымды қатты құрметеймін», – деді бала көңілмен ағынан жарылып. Ал 5-сынып оқушысы Жоламан Искаков:
– Мен де өз отбасымды қатты жақсы көремін. Менің әжем мен атам бар. Әжем Марина мені қатты ерекелетеді. Жақындарымды, туған-туысқандарымды қатты жақсы көремін. Менің атам: «Отбасы шағын мемлекет» әр адам өз отбасын жақсы көруі керек», – деп айтып отырады. Мен айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым отбасының баласымын. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – атам, қамқоршымыз – әжем. Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген болашақ ұрпақтардың бірі болуға тырысамын, – деп ойын ортаға салды.
Мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Гүлжанат Карбаеваның айтуынша, отбасы мерекесіне шолақсайлық оқушылар білек сыбана кіріскен секілді. «Бәрі де көздері бал-бұл жанып, өз отбасылары туралы жыр қылып шертуге бар. Қай-қайсысынан сұрасаң да, өз отбасы туралы мүдірмей айтады. Әрбір отбасындағы басты құндылық – бала тәрбиесі екенін бала жүректерімен ұғынады», – дейді Гүлжанат Қабиқызы. Ер жетіп, санасы толысқан 11-сынып оқушысы Ерасыл Мырзагуловтың отбасы туралы ойы тереңірек:
– Біздің отбасындағы бала тәрбиесінің ішіндегі ең маңыздысы да, жауаптысы да – қыз бала тәрбиесі. Өйткені біздің отбасында жалғыз апамыз бар. Аты – Жанель. Әкем мен шешем Жанелді ұлтымыздың ертеңгі болашағы деп қатты сыйлайды. Қыз баланың саналы да тәрбиелі болып өсуі, терең білім алуы, біздің отбасымыздың өрелі міндеті болып табылады. «Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы осы қасиетті отбасында басталатыны шындық. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, біздің отбасының отағасы әкеміз – Нұрлан, ал отанамыз Мөлдір, – дейді мұрты тебіндеген бозбала жігіт Ерасыл.
Отбасы күніне орай іс-шараларды ұйымдастырып жүрген Алма Дүйсекеқызы бізбен әңгімесінде отбасының ең маңызды ісі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Балаларын қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті екендігін баса айтты. Иә, отбасының ең маңызды ісі – бала тәрбиесі. Балаларын қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті. Шынында да, Отаннан кейінгі қасиетті ұғым – отбасы екенін біздің болашақ жастарымыз ұмытпаса екен.
Міне, Шолақсай жалпы білім беретін мектебінде ұйымдастырылған осы Отбасылар күні іс-шарасы әр баланың жүрек түкпіріндегі ойларын ортаға салғызды. Апталыққа қатысқан әр оқушының өз отбасы туралы суреттері, жеке жұмыстары кімді болса да ойландырмай қоймайды. Әр баланың көрмеге қойған жұмысында терең ой, мағыналы мән жатыр: жанұясына деген құрмет пен сүйіспеншілікті көруге болады. Бұл балалардың еркеліктерін көтеріп, қателіктерін түсініп кешіре білетін, ақыл-кеңесін аямайтын осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсететін ата-аналарына деген шексіз махаббататың көрінісі.
Аслан БАЙДУЛЕТОВ,
Шолақсай ОМ мұғалімі,
Науырзым ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.