Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
24/08/26 Понедельник

Педагогикалық идеялар панорамасы-2019

Выпуск - №41(387)   :   25.10.2019
661

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен республикалық деңгейдегі «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер конкурсының облыстық кезеңі мәресіне жетіп, республикалық кезеңге жолдама алған жеңімпаздар марапатталды.

Дәстүрлі түрде екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан байқаудың облыстық кезеңіне жалпы саны 117 жұмыс қатысу мүмкіндігіне ие болды. Оның арасынан 64 жұмыс жеңіске лайық деп танылып, 22 аталым бойынша марапатқа ие болды. Марапаттау рәсімінің басында сөз алған «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Марионелла Слесарь жиналған педагогтер қауымын жеңістерімен құттықтады.

– Бұл байқау сіздер үшін кезекті іс-шара ретінде емес, көптеген игі бастамаларға себепкер болатын, пайдалы дүниелерге үйрететіп, педагогтік мәртебелеріңіздің нығаюына септігін тигізіп, ең бастысы кәсіби қызметтеріңізге қанағаттанушылық алып келеді деп сенемін. Себебі, сіздердің бейне-сабақтарыңызды республика көлемінде тамашалайтын болады, – дей келе, республикалық кезеңде жеңімпаз атануларын тіледі. Аталмыш байқау бірыңғай ақпараттық білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру мақсатын көздегенін айта кеткен ләзім.

– Бұл конкурс педагогтеріміздің мәртебесін нағайтып, кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ, педагогикалық идеяларын еліміздің педагогтерімен бөлісуге болатын үлкен байқаулардың бірі. Облыстық кезеңнің іріктеу бөлімінде өзін-өзі тану және биология пәндерінен куратор болдым. Өзін-өзі тану пәнінде бұл күндері өзектілігі жоғары мәселелер, оның ішінде, рухани-адамгершілік қасиеттерді интеграциялау және ерекше білімді қажет ететін балаларға бағытталған жұмыстар жиі кездесті, – дейді «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Айнұр Мускина.

Жеңімпаз атанған 64 жұмыс бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Оның ішінде, бірінші дәрежелі дипломмен 21 педагог Марионелла Васильевнаның қолынан арнайы дипломдарға ие болды. Атап өтер болсақ: «Мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскерлері» аталымы бойынша Наталья Тарасова («Ивушка» бөбекжай-бақшасы, Лисаков қ.) мен Анастасия Скоробагатова (№5 балабақша, Рудный қ.); «Бастауыш сыныптар мұғалімі» аталымында Эльмира Тажекенова («Қостанай арнайы кешені» ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған балабақша-мектеп-интернаты); «Өзін-өзі тану мұғалімдері» аталымында Марина Крохалева (№5 ОМ, Рудный қ.); «Бейнелеу өнерінің және музыка мұғалімі» аталымында Сәрсенбек Өміржанов (№7 МГ, Рудный қ.); «Еңбекке баулу және сызу мұғалімі» аталымында Тамаша Көлбаева (№7 МГ, Рудный қ.); «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық мұғалімі» аталымында Мұханай Нұрпеисов (№7 МГ, Рудный қ.) марапатталды.

«Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі» аталымы бойынша Гүлжазира Смагулова (№19 ОМ, Рудный қ.); «Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» аталымы бойыншаНадежда Григорьева (№2 мектеп-лицей, Қостанай қ.); «Ағылшын тілі мұғалімі» аталымы бойынша Елена Сарсенбаева (№10 МГ, Рудный қ.); «Математика мұғалімі» аталымы бойынша Татьяна Шулякова (Пешковка ОМ, Федоров ауданы); «Физика мұғалімі» аталымы бойынша Артем Гордиев (№1 мектеп-лицей, Қостанай қ.); «Информатика мұғалімі» аталымы бойынша Ерік Серікбай (Б.Майлин ат. №7 МГ, Рудный қ.); «Химия мұғалімі» аталымы бойынша Карина Нугуманова («Озат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Қостанай қ.) I дәрежелі дипломға ие болды.

«Билология мұғалімі» аталымында Дилшод Моминов (Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты, Қостанай қ.); «География/жаратылыстану мұғалімі» аталымында Қабдрахман Сұлтанов (№15 ОМ, Қостанай қ.); «Арнайы пәндер оқытушылары» аталымында Лязат Ерденова (Қостанай құрылыс колледжі) мен Жанар Баймухамедова (Федоров ауыл шаруашылығы колледжі); «Өндірістік оқыту шеберлері» аталымында Молдаш Досалин (Әулиекөл ауыл шаруашылығы клледжі); «Жоғары білімді оқытудағы заманауи технологиялар» бағытындағы «ЖОО педагогикалық мамандықтарының профессорлық оқытушылар құрамы» аталымында Оксана Дрюк (Ө.Сұлтанғазин ат. ҚМПУ) және «Қосымша білім беру педагогтері» аталымында Римма Чеботарева, Владимир Степаненко, Евгений Касаткин (М.Қозыбаев ат. №23 ОМ, Қостанай қ.) ие болды.

Байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алған жұмыстардың барлығы «Өрлеу» БАҰО»-ның YouTube каналына жүктелмек. Ал, онда жазылған пікірлер мен қаралым саны да педагогтердің жеңіске жетуіне өзіндік септігін тигізетіндігін атап өткен жөн. Алайда ең бастысы, республикалық кезеңге жолдама алған жұмыстардың барлығы да республикалық эксперттік кеңестің тарапынан қаралып, бірқатар критерийлер бойынша іріктелетін болады.

Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

Реклама

Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!