Педагогикалық клуб жұмысын бастады

Выпуск - №39 (536)   :   06.10.2022
769

Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияда биыл педагогикалық клуб жұмыс бастау алды. Клубтың жоспарына сәйкес Мұғалімдер күні қарсаңында қалалық білім бөлімінің басшысы Темірхан Бекбергенұлымен кездесу ұйымдастырылды.

«Темірқазық» педагогикалық клубының жұмысы «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ білім беру ұйымдарында инновацияларды сынау және олардың тиімділігін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру мақсатында бастау алған еді. Клубқа Рудныйдағы Би-аға атындағы №7 мектеп-гимназиясының білім алушылары құрамынан келешекте педагогикалық мамандықты таңдаған оқушылар мүше. Бүгінгі күнге дейін педклубымыздың атқарған іс-шаралары некен-саяқ. Марапаттары да біршама.

Жуырда қалалық білім бөлімінің басшысымен ұйымдастырылған кездесу қаламыздың №15, №19 мектептерінен болашақ педагогикалық мамандықты таңдап отырған түлектерін шақыра отырып, өзекті мәселелер талқыға алынған ашық алаң форматында өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты – болашақта педагогикалық мамандықтарға түсетін білім алушылардың педагогикалық мамандықты таңдауға деген ынтасын дамытуда туындаған сұрақтар бойынша диалогтық орта құру. Диалог алаңының жүргізушісі, директордың бейінді оқыту және дарынды балалармен жұмысы бойынша орынбасары Асемгуль Багитбаевна «Темірқазық» педклубының жалпы миссиясын, мақсат-міндеттері және осы уақытқа дейін қатысқан іс-шаралардағы маңызды рөлін атап өтті.
Білім бөлімінің басшысы Темірхан Бекбергенұлы әрбір болашақ педагог қойған сұрақтарына өміршең жауаптарын ұсынып, қызығушылық таныта келген болашақ ұстаздардың сұрақ қоюға деген шабыттарын арттырып, педагог мәртебесін құрметтеп, ұстаздар қатарын көбейтетін мамандардың өз мақсаттарына жетуде күш-жігер таныту керектігіне және ілім-білім, іздену мен құзырлы дағдыны арттыруға басым күш жұмсауларына басымдылық білдіре отырды. Әлбетте осындай іс-шаралар педагогикалық сынып мүшелерінің қатысуымен ғана емес, сонымен бірге ұстаздық жолда үлкен жетістікке жеткен, үлкен кәсіби тәжірибесімен бөлісе алатын тәжірибелі ұстаздардың қатысуымен бірге өткізу аталмыш клубтың эксперимент міндеттерінің орындалуына үлкен септігін тигізеді. Яғни, педагогикалық мамандықты таңдауға мотивацияны дамыту бойынша оқушылармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшелігін анықтайтын болса, осындай үлкен және қызықты тәжірибені тікелей ашық алаңда тыңдай отыра, педагогикалық мамандықты таңдауға деген ынтасы дами түседі.

Білім алушылардың көкейінде жүрген сауалдардың көптеген келелі мәселелеріне жауаптар тікелей берілгендіктен, іштегі психологиялық тұрғыдағы қорқыныш та сейіле түсетіндігін ескеру қажет. Осындай кездесулер арқылы педклубтың жұмысында психологиялық-педагогикалық жағдайлар қамтамасыз етілсе, оқушылармен педагогикалық мамандықты таңдауға деген ынтаны дамыту бойынша өзінің тиімділігін тигізеді. Ұлағатты ұстаздардың ұлы жолын жалғастырушы ізбасарларды қалыптастыру мен тәрбиелеуді мақсат еткен педагогикалық клубтың мектептегі жетекшісі ретінде барлық ұстаздар қауымын, сонымен бірге болашақ ұстаздық жолды таңдауға ниет білдірген білім алушыларды Мұғалімдер күнімен құттықтаймын.


Әсемгүл АБУТАЛИПОВА,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназиясы
директорының бейінді оқыту
және дарынды оқушылармен
жұмысы бойынша орынбасары
Рудный қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.