Қостанай ауданына қарасты №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінде ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Keleshek Camp» мектеп жанындағы жазғы лагерінің І патриоттық ауысымының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараға лагерь тәрбиеленушілері, ата-аналар, педагогтер мен мектеп қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиын Мемлекеттік Туды енгізуден басталып, барлық қатысушылар ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындады. Бұл сәт жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді нығайтып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға бағытталды.
Лагерьдің алғашқы ауысымының ашылу рәсімінде әрбір топ шығармашылық ерекшеліктерін көрсетті. Сондай-ақ лагерь тәлімгерлерін қабылдау рәсімі ұйымдастырылып, оқушылар жазғы демалыс кезеңіндегі жаңа бастамалармен танысты. Іс-шараның ерекше бөлігінің бірі – жаппай патриоттық флешмоб болды. Қатысушылар «Мен қазақпын» әнін бірлесе орындап, патриоттық мазмұндағы ұрандарды хормен айтып, туған елге деген мақтаныш сезімдерін білдірді.
Мектептің футбол алаңында өткен мерекелік іс-шараға барлығы 350 оқушы, 40 педагог, 20 ата-ана және 10 қызметкер қатысты. Ұзақтығы 25 минутқа жоспарланған іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. «Keleshek Camp» лагері жаз бойы балалардың шығармашылық, зияткерлік және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Ерасыл ҚАЗЫБАЕВ,
№1 Заречный жалпы
білім беретін мектебі
басшысының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.