Рудный қаласының тарихы мен руханиятындағы үлкен жаңалық – тың тұрпатты жаңа мектептің бой көтеруі. Бұл оқиға №2 гимназияның білім алушылары, педагогтері мен ата-аналарын зор қуанышқа бөледі.
«Келешек мектептері» қатарындағы осынау білім ордасына Қаныш Сәтбаевтың есімі беріледі деп күтілуде. Бұл – тек ғұлама ғалымға ғана емес, жалпы қазақ ғылымына деген зор құрметтің айғағы. Әлем ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби: «Ғылымы жоқ елдің болашағы жоқ», – деген екен. Расында, білім – дүние кілті болса, ғылым – оның қозғаушы күші, яғни әлеуметтік прогрестің қуатты қозғалтқышы. Бүгінгі білім мен ғылымның басты міндеттерінің бірі – интеллектуалды, озық ойлы ұлт қалыптастыру. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ ғылымының атасы атанған Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен қызметі – жас ұрпақ үшін өшпес өнеге.
Рудный қаласындағы жаңадан бой көтерген №2 гимназияға Қазақстан ғылымының алыбы, тұңғыш академик, геолог-ғалым, қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлының есімінің берілуі – барша жұртшылық үшін зор қуаныш, үлкен мәртебе. Бұл оқиға – тек бір білім ордасының емес, күллі қала өміріндегі тарихи сәт десем, қателеспеген болар едім.
Қаныш Сәтбаев
Қаныш Имантайұлы – қазақтан шыққан тұңғыш академик, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы, Жезқазған кен орнын ашып, еліміздің өндірістік дамуына үлкен үлес қосқан бірегей тұлға. Ол тек геология саласында ғана емес, қазақ ғылымының барлық бағыттарының қалыптасуына зор ықпал етті. Оның есімі әлемдік ғылым тарихында алтын әріппен жазылған. Қаныш Сәтбаев 1899 жылы Баянауыл өңірінде дүниеге келді. Балалық шағынан-ақ зеректігімен көзге түсіп, білімге құштарлығын танытты. Семейдегі мұғалімдер семинариясын, кейін Томск технологиялық институтын тәмамдап, геология саласын таңдады. Және дәл осы таңдауы қазақ ғылымының тағдырын түбегейлі өзгертті.
Қ.Сәтбаевтың ғылымдағы ең үлкен еңбектерінің бірі – Жезқазған кен орнын ашуы. Оның зерттеулері Қазақстанды мыс өндіруден әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің қатарына қосты. Бүгінде Жезқазған – ел экономикасының тірегіне айналған өңір. Мұның барлығы – Қаныш Сәтбаевтың еңбегінің жемісі. 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылып, оның тұңғыш президенті болып Қаныш Сәтбаев сайланды. Ол көптеген ғылыми-зерттеу институттарының ашылуына ұйытқы болып, жас ғалымдарға жол көрсетті. Ғалым тек геологиямен шектелмей, тарих, әдебиет, этнография салаларына да айтарлықтай үлес қосты. Ғылымды – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қозғаушы күші деп білген ғалымның басты арманы – Қазақстанды білімді, мәдениеті жоғары, ғылымы дамыған мемлекетке айналдыру еді. Сол мақсатта ол жас буынға қамқор болып, ғылымға ұмтылған жастарды әрдайым қолдап отырды.
Рудный қаласындағы №2 гимназия – қаладағы іргелі білім ордаларының бірі. Мұнда мыңнан астам оқушы сапалы білім алып, ғылымға, өнерге, спортқа қадам басуда. Оқу орнына Қаныш Сәтбаевтың есімін беру – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, жас ұрпақты отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің бірегей қадамы. Білім ордасында Қ.Сәтбаевтың өмірі мен еңбегіне арналған бұрыш ашу, ғылыми-практикалық конференциялар, танымдық кездесулер мен мұражай жұмыстары ұйымдастыру жоспарлануда. Мұның барлығы жас жеткіншектерді ғалымның өнегелі жолына қарап, үлкен мақсаттарға жетелеуге бағытталады.
Рудный жұртшылығы аталмыш жаңалықты зор қуанышпен қарсы алды. Ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар үшін бұл – үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Енді гимназия оқушылары өздерін білім алушылар ғана емес, ұлы ғалымның атын лайықты дәріптейтін жас зерттеушілер ретінде сезінетін болады. Қаныш Сәтбаевтың есімін гимназияға беру – ғылым мен білімге жасалған үлкен құрмет. Бұл – болашақ ұрпақтың жүрегіне мәңгілік із қалдыратын тарихи шешім. Ұлы тұлғаның есімі Рудный қаласының рухани өмірін байытып, жас ұрпаққа шабыт берері сөзсіз. Бұл бастама – білім мен ғылымға тағзым әрі келер ұрпаққа қалдырылған ұлы рухани аманат.
Құралай СҮЛЕЙМЕНОВА,
№2 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Праздник профессионализма: выбраны лучшие педагоги-психологи области
Обмен опытом и расширение возможностей
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».