Рух пен жігерді көтерген мереке

Выпуск - №40 (588)   :   28.10.2023
888

Қазан айының 25-і күні – Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Дәл осы күні, 1990 жылы, Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды. Бұл – Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы алғашқы кезеңдер болатын.

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен мереке ел өмірінде, қазақстандықтардың өмірінде маңызды мәнге ие болды. Осыған орай, Қостанай ауданына қарасты Абай негізгі орта мектебінің 4-сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақстан Республикам менің» атты тәрбие сағаты өтті. Оқушылар постер қорғады, жұптық-жеке жұмыстарға қатысып, Отан, туған жер жайлы мақал-мәтелдерің жалғасын таба білді. Тәрбие сағаты тәуелсіздікті сақтап, Отанды, елді, жерді қорғауға және көркейтуге деген жастардың жауапкершілік сезімдерін оятуды, көздеді және сол мақсатына қанатымен су сепкен қарлығаштай үлесін қоса білді. Бұлан бөлек, өскелең ұрпақтың болашаққа деген берік сенімдерін қалыптастыру, саналы да білімді азамат болуға тәрбиелеу мақсаты да назардан тыс қалмады.


Салтанат АЙТЕКОВА,
Абай НОМ бастауыш
сынып мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!