Рудный қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББ мектебіміздің 2 «А» сынып оқушылары бірінші тоқсаннан кейінгі күзгі демалыста «Рудный орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ №11 кітапхана-филиалына саяхат жасады.

Ағартушы Ыбырай Алтынсарин атамыз: «Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар», – деп болашақты көрегендікпен болжаған. Мұндағы «шам» дегені – тұңғиық терең білім, ғылым болса керек. Осынау білім деген шамның жарқырай түсуі үшін кітаптың, сол кітаптың жинақталар жері – кітапхананың қашанда тұғыры биік болуы тиіс. Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рухты сіңіру, кітапты сүюге, оны күтіп таза ұстауға тәрбиелеу мақсатындағы саяхат оқушыларға үлкен әсер қалдырды.
Кітапханашы Алия Абдикаликова оқушыларға кітапхана туралы ақпарат беріп, кітаптармен таныстырды. Өз сөзінде рухани тарихын, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын тануда кітаптың пайдасы, оның берер көмегі зор екенін атап өтті. Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Балдырған», «Айгөлек», «Ақжелкен» және «Зелёное яблоко» газет-журналдарымен қатар қызықты ертегілер мен кітаптар туралы айтты. Бүгінде сол асыл қазыналарымызды жас буынға жеткізуші алтын көпір – кітапхана мен кітапханашылар. Кітаптың қадірін біліп, оның маңызын шынайы бағалай білетін жастарымыздың қатары арта берсін дейміз.
Ұлбосын СӘБДЕНБЕКОВА,
Ә.Бөкейхан атындағы
ЖББМ бастауыш
сынып мұғалімі,
Рудный қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.