«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, қазіргі уақытта баланы спортқа болсын, басқа өнер түріне баулу болсын, алдымен ата-ана өзі бастама жасап, отбасында саламаттылықты ұстап, спортқа көңіл бөліп, жақсы әдет қалыптастыруы қажет.

Жасөспірімдер арасында саламатты өмір салтын насихаттау, спорттың көптеген пайдалы жағын сезінсін деген мақсатпен мектебімізде ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар арасында волейбол сайысын ұйымдастырылды. Мектеп пен ата-аналардың қарым-қатынасын жандандыруды көздеген шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын негізге ала отырып, «Үштік одақ» жұмысы мен «Үндестік» жобасы аясында өткізілді.
Жарысқа аналардан 2 команда, әкелерден 1 команда, сонымен қатар қыз балалар командасы және ұстаздардан 1 ер азаматтар мен 1 әйел мұғалімдер командасы қатысты. Жарыс барысында ата-аналардың спортқа деген көзқарасы сол отбасының балаларына да қаншалықты әсер ететінін түсіндік. Жалпы М.Әуезов атындағы №5 ЖББ мектебінің оқушылары қалалық, облыстық спорттық сайыстардың әр түрінен белсенді әрі жүлдегерлері десек, артық айтпаймыз.
Мектебімізде түрлі деңгейдегі спорт додаларында мектебіміздің ғана емес, барша Арқалық қаласының даңқын асқақтытып жүрген оқушыларымыз да бар. Атап айтатын болсам, бокстан Халықаралық сайыста 1-орын және республикалық сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Мәди Рақымжан, зіл темір көтеруден Республикалық және облыстық додаларда 1-орын алып жүрген Айсұлу Ғалымбек, қазақша күрестен Республикалық жарыс жүлдегері Айбек Төлеухан, футболдан облыстық команда құрамында ойнайтын Жомарт Хамидоллаев, облыстық бокс жарыстарының жүлдегерлері Арман Қойбағар және Юнус Рақымжан сынды жас спортшыларымыз жеткілікті.
Шәкірттеріміздің осы нәтижелері отбасындағы ата-аналардың қолдауы мен тынымсыз еңбектің арқасында деп бағалауға болады. Осындай мектеп пен отбасы бірлігін нығайта түсер игілікті іс-шаралар көп болғай.
Қадыргүл АЛИМГАЗИНА,
М.Әуезов атындағы
№5 ЖББ мектеп
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.