Саналы ұрпақ тәрбиесі – маңызды міндет

Выпуск - №6(554)   :   11.02.2023
646

Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназияда директордың тәрбие ісінің орынбасарлары ретінде біздің ұйымдастыруымызбен «Тәрбиелі ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында онкүндік өтті.

Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы болып қадалатын жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып қолға алынған онкүндік аясында 5-6 сыныптар арасында «Толағай» отбасылық спорттық сайысы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сайыста «Үндестік» жобасы қолдау тапты. Артынша 5-9 сыныптар арасында «Әнім саған – туған ел» патриоттық әндер байқауы өткізіліп, оған 12 жас әнші қатысты. Барлығы да әндерін жанды дауыста орындағанын айта кеткен жөн. Байқауға әділ қазылар алқасы ретінде Б.Байқадамов атындағы музыка мектебінің мұғалімі Гүлнұр Баяхметова арнайы шақырылды. Нәтижесінде әуезді байқауда дарынымен, орындау шеберлігімен көзге түскен өнерпаздар жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды.

Тәрбие онкүндігінің жоспары аясында «Туған өлке тұнған шежіре» тақырыбында ашық сынып сағаты қаламыздағы музей ұйымының қызметкерлерімен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Сынып сағаты барысында музей қызметкерлері Арқалық қаласының тарихына, оның ішінде көшелерге есімі берілген тұлғалардың өмір жолына кеңінен тоқталып, қаланың қалыптасқан кезеңінен бастап қазіргі кезге дейінгі жай-күйімен оқушыларды таныстырды. Сынып сағаты 10-сынып оқушысы Айханым Фазылдың «Арқалы ажары – Торғай алюминқұрылыс» тақырыбында жазылған ізденіс жұмысымен толықты. Ал 9-сынып оқушылары күмбірлете күй шертіп, сынып сағатының көркін кіргізсе, 9 «Б» сынып оқушысы Камила Смагулова «Арқалық» өлеңін оқып берді. Оқушылар қаланың болашағы үшін қандай істер атқару керек екенін, қаланың көркеюі үшін қандай үлес қоса алатындарын айтып, дөңгелек үстел басында ой өрбітті

«Попробуй и найди себя» тақырыбындағы шебер-сынып та жоғары деңгейде ұйымдастырылды деуге болады. Шебер-сынып барысында Гүлдесін Мукашевна, Ақылбек Каримжанұлы, Светлана Алексеевна үш түрлі бағытта талантты оқушылармен бірлесе жұмыс істеді. Онкүндік аясында ұстаздарымыздың сан қырлы тұлға екендігіне куә болдық. Мәселен, саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған волейбол турнирінде 8-11 сынып жетекшілері өзара бақ сынасты. Сәуле Сертаевна, Ақбота Аскарбековна, Жазира Кайыргалиевна, Жүзікжамал Бекенқызы сынды ұстаздарымыз үздік ойыншылар қатарынан көрінді.

Кейін «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» тақырыбында білім беру саласының ардагері, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен ұстаз – Жәнібек Ғапбасұлымен 5-11 сыныптар арасында кездесу ұйымдастырылды. Жиын барысында оқушылар ұстаздың білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі мен тағылымды ғұмырнамасымен танысып, жеткен жетістіктері турасында ой өрбіттік. Ұлт көшін өрге сүйреген қаламыздың құрметті азаматтарымен ой-отау ары қарай жалғасын тауып жатты. «Жас актёр» клубының жетекшісі Анар Шобановнаның ұйымдастыруымен «Өнер – өмір жемісі» тақырыбында театр майталманы Орынбасар Қойбағаровпен кездесу болып, оқушылар армандарына жолдама, көкейкесті сұрақтарына жауап алып жатты.

Апталық аясынан қыз бала тәрбиесі де тыс қалмады. «Ал, қанеки, қыздар!» атты сайыста аруларымыздың танымдық білімдері, шығармашылық қабілеттері сынға түсті. Ұлттық тәрбие күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты бейнерецепттер байқауы ұйымдастырылып, байқау өз деңгейінде қорытындыланды. Орта буын сыныптарына арналған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» танымдық сайысы 5-7 сынып оқушыларын қамтыды. Оған жалпы 14 сынып қатысты. Оның тоғызы номинация сыйлықтармен марапатталса, бесеуі жүлделі орындарды иеленді. Оқушылар бұл сайысқа қатысу арқылы білім көкжиектерін кеңейтіп, ұлттық рухтарын жаңғыртты десек те болады. 

Білім беру ұйымдарының мақсаты – жаңа кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелердің тиімді шешімін табу. Ұлт тұлғасының қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек бола алатын ұрпақ тәрбиелеуші осы ұстаздар ғана. Себебі ұстаз – оқушы үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі. Ғұлама педагог Л.Фейербах: «Тәрбиенің мақсаты – бақыт, ал соған жету – қуаныш», – деп санаған. Ендеше болашаққа бақыт пен қуаныш сыйлау жолында жас ұрпақтың рухани сәулеткері болып отырған гимназия ұжымына алғыс айта отырып, бірлігіміз мығым, әр бастамамыз нәтижелі болсын дейміз.


Салтанат СЕРІКҚЫЗЫ,
Алмагүл ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназия директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасарлары,
Арқалық қаласы

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4