Қостанай ауданына қарасты Надеждин ауылындағы орта мектептің ғимараты 1964 жылы бой көтерген. Содан бері күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген. Биыл іші-сыртына жасалып жатқан жөндеу жұмыстары аяқталып, ғимараттың жағдайы қалыпқа келтірілді.

Осы тұста Надеждин орта мектебінің әкімшілігі мен ұстаздарының атынан «АРВИС» жеке шаруашылық серіктестігіне шарттық міндеттемелерді орындағаны, сындарлы іскерлік қарым-қатынас, жедел жұмысы және белгіленген мерзімге дейін сапалы аяқталған құрылыс жұмыстары үшін алғыс білдіреміз. Қоғамдық жұмыстар, оның ішінде бөлшектеу, әрлеу, сылап-сипау және басқа да жұмыстар, жиһазбен қамтамасыз ету – барлығы да сапалы және уақытылы орындалды. «АРВИС» ЖШС мамандары жоғары кәсіби деңгейін растай отырып, барлық міндеттерді сәтті орындады. Сенімді, жедел, ең бастысы өзіне алған міндеттемелерге сәйкес жұмыс істейтін ұжыммен жұмыс істеу де жағымды.

Мектеп оқушыларының ата-аналары да қуаныштарын жасырмай, шексіз ризашылықтарын білдіруде. Осы тұста «АРВИС» ЖШС қызмеркерлерінің жұмысына деген кәсіби көзқарасын, жеделдігін және біздің пікірімізді де есепке алғандығын ерекше ықыласпен атап өткім келеді. Кәсіби деңгейі мен біліктілігі жоғары жұмысшылар құрылыс процесін сапалы өткізді. Мектептің іші жарық, қыс мезгілінде жылы, балаларымыз білім ордасына көтеріңкі көңіл күймен аттанады. Әлбетте! Оқушылардың сапалы білім алуы үшін тиісінше қажетті жағдайлар да жасалуы қажет. Мүмкіндік болған жерде даму да, алға ұмтылыс та болмақ.

Жалпы күрделі жөндеу жұмыстары 2 жыл жүргізілді. Өткен жылы ішіне күрделі жөндеу жүргізілсе, биыл сыртқы келбетін жөндеуден өткізіп, толықтай пайдалануға тапсырды. Жұмыс белгіленген келісімдерге сәйкес жоғары кәсіби деңгейде болғанын айта кеткен ләзім. Жеке шаруашылық серіктестігінің жұмыс тобына зор денсаулық, қуат, оптимизм, қаржылы еңбектеріне табыс, қаржылық әл-ауқат және барлық істерде сәттілік тілейміз.
Гульнара БЕКТАСОВА,
Надеждин ОМ директорының
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.