Мамандардың пайымдауынша, кез келген баланың бойында бұғып жатқан талант пен дарын болады. Тек оны дер кезінде ашып, дұрыс бағыт-бағдар беру керек. Ерте жастан өз ерекшелігін, бойындағы дарынын көрсете білген ұлдар мен қыздар да жетіп артылады.
Солардың бірі – Қостанай қаласындағы Абай атындағы ЖББ мектебінің 5-сынып оқушылары – Арсен Жұмабек пен Саида Абилова. Үстіміздегі жылдың ақпан айында «Достық» білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен олимпиада нәтижесінде қалалық кезеңге өтіп, «Достық» білім беру орталығының базасында қала мектептері арасындағы оқушылармен сайысқа түскен болатын.
Олимпиада қорытындысы бойынша Саида Абилова – логика, математика, ағылшын тілінен 3 жүлделі орынға ие болып, Арсен Жұмабек – логика, математика, ағылшын тілінен 1 жүлделі орынға ие болды. Бұл – көптен күткен олимпиадалық көрсеткіш болды. Екі оқушымыз да үздіктер қатарынан табылды. «Мені жеңімпаз деп жариялаған кезде, қатты қуандым. Ешқашан өзімді бүгінгідей сезінген емеспін», – деп Арсен өзінің сезімін жеткізді. Саида болса: «Тегімді естігенде өте қуандым. Өзіммен мақтанамын!», – деп жауап берді. Мектеп әкімшілігінің атынан «Достық» білім беру орталығының жетекшісі Н.Торғаев оқушыларға білім додасындағы сәтті уақыт сыйлағандары үшін үлкен алғыс білдіреміз.
Оқушыларымыз сертификатпен бірге бағалы сыйлық та алды. Сонымен қатар, пәндік жоғары көрсеткіштері үшін мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі А.Султангазинді және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі – Н.Панько мен Д.Утегенованы атап өткіміз келіп отыр. Әрине, бала тәрбиесінде ата-аналардың тәрбиесі зор. Арсен, Саида секілді еліміздің болашақ ұрпақтарына жақсы тәрбие беріп отырғандары үшін ата-аналарына үлкен алғыс білдіреміз.
Келбет МУРЗАБЕКОВА,
Абай атындағы ЖББМ
директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары,
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.