Жаңа 2021-2022 оқу жылы №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебіне жағымды жаңалығын ала келді. Сондай сүбелі істердің бірі – мектебімізге «№2 Тобыл ЖББМ» деген атаудың беріліп, мемлекеттік тілде оқытатын білім ошағы ретінде жұмысын бастауы.
.jpg)
Бұл ұжымға ғана емес, ауылдың барша халқы үшін үлкен қуаныш болды. Тағы бір ерекше тоқталып кетер жайт, осы қуанышқа кенелуіміз ағартушы, даланың дара ұстазы атанған Ыбырай Алтынсарин бабамыздың туғанына 180 жыл толуына және қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында жүзеге асырылып отыр. Бұл да бүкіл Тобыл халқы үшін ақ түйенің қарны жарылып, бөркімізді аспанға атқан күн деуге әбден лайық. Жаңа атауға ие болған алтын ұямызда білім алып жатқан оқушыларымызды біз де: «Кел, балалар оқылық!», – деп Ыбырай бабамыз жырлағандай, білімге шақыруға жалықпаймыз.
.jpg)
Мектеп қабырғасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынымдарына сүйене отырып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасы аясында жас ұрпақтың бойына ұлттық рух сіңіріп, ізгілікті істерімізді одан әрі жалғастыратын боламыз. Жас ұрпақтың бойына ұлттық рух сіңіру мақсатында мектебіміз ізгілікті шараны іске асырды. Әр сабақтың соңында сыңғырлайтын қоңырау үнін күй күмбіріне алмастырдық. Саналы ұрпақтың бойына ұлттық рухты мәңгі қалдыруға байланысты салт-дәстүріміз, тіліміз бен ән-күйімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, бір сөзбен айтқанда, ғұламаларымыздың үнін ұрпақ бойына осылайша сіңіре бермекпіз.
– Мектепте жұмыс басталғалы санитарлық талаптар қатаң сақталып, балалардың денсаулығына үлкен мән берудеміз. Мәселен, күн сайын таңғы жаттығу жасау қолға алынды. Бұл балаларды ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етеді. Бұдан бөлек, оқушылардың үзіліс уақытында мектеп кітапханасына барып, рухани нәр алып, санасын білім нәрімен толықтыруына мүмкіндік жасалған. Біздің білім берудегі өзекті мәселе – жас ұрпаққа адамгершілік, рухани бағытта тәрбие беру, – дейді мектеп басшысының міндетін атқарушы Гүлнар Алиева.
Мінеки, жаңа оқу жылын жағымды жаңалықтармен бастаған мектебіміз жыл аяғына дейін осы жолда дәстүрлі түрде жалғасын таба беретініне кәміл сенеміз. Осы игілікті жолда ардақты ұстаздарымызға шығармашылық табыс, шәкірттерімізге таусылмас шабыт тілейміз. Мектебіміздің атын шығарып, мақтанышына айналатын озат оқушыларымыз көп болсын!
Әсем ӘЛКЕЕВА,
№2 Тобыл ЖББМ
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Б.Майлин ауданы
«Адал азамат» бағдарламасы: балабақшадағы тәлім-тәрбие
Тарих пен тағылым тоғысқан күн
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».