Әулиекөл БМ директоры Бибігүл Уайсованың қолдауымен аудан көлемінде алғаш рет Тәуелсіздік күні және Жастар жылына орай аудандық бастауыш сынып оқушылары арасындағы шахматтан ашық турнир өтті.
Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ойын түрінен өткен шараның басты мақсаты – аталмыш интелектуалды ойынды оқушылар арасында кеңінен насихаттай отырып, стратегиялық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Аудандық шахмат турниріне арнайы қонақтар: Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Жарас Хамитбеков және Әулиекөл ауданы білім бөлімінің әдіскері Мағзұм Галямов арнайы шақырылды.
Аудандық турнир болады дегенді естіп, оған қызығушылық танытқан 10 мектеп тіркеліп, 30 қатысушы өзара бақ сынасты. Әлбете, ұшқырлығымен ерекшеленген оқушылар жүлделі орындар мен арнайы сыйлықтарға ие болды. Атап өтсек, жалпыкомандалық есепте: 1-орын Әулиекөл бастауыш мектебі (жетекшісі – А.Есекеева), 2-орын Новоселов орта мектебі (жетекшісі – А.Ахметов), 3-орын Диев орта мектебі (жетекшісі – Е.Абдрахманов). Бірінші тақтада: 1-орынға Әулиекөл БМ оқушысы Нұралы Тажиков, 2-орынға Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл ОМ оқушысы Ердос Сайран, ал 3-орынға Новоселов ОМ оқушысы Дәулет Сәрсенбаев ие болды.
Екінші тақтада: 1 орынды Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл ОМ оқушысы Ержан Сайран, 2-орынды Әулиекөл БМ оқушысы Әділет Умирбаев, ал 3-орынды Новоселов ОМ оқушысы Иманәлі Шинкентаев қанжығасына байлады. Соңғы үшінші тақтада: 1-орын Диев ОМ оқушысы Егор Параскевичке, 2-орын Әулиекөл БМ оқушысы Нұрислам Ахметханға, ал 3-орын С.Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Евгений Ткаченкоға бұйырды. Сонымен қатар, «Үздік ойыншы» аталымымен Диев ОМ оқушысы Егор Параскевич марапатталды.
Азира ЕСЕКЕЕВА,
Әулиекөл БМ өзін-өзі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.