Шахматтан онлайн турнир өтті

Выпуск - №14 (410)   :   05.04.2020
336

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жуырда NIS желісінің оқушылары арасында «NIS KOSTANAY OPEN Arena» атты шахматтан онлайн турнир өтті. Оған барлығы 300-ге жуық оқушы қатысты.

Жас шахматшыларға фигураларды қарапайым шахмат тақтасында емес, компьютер мониторында тінтуірдің көмегімен жылжытуға тура келді. Белгіленген уақытта турнир жұптары рейтингке сәйкес құрылды. Әр ойынның соңында ойыншылар турнир парағына қайта оралды, оларға турнирлік ұпай саны бірдей қарсыластар берілді. Бәрі онлайн түрде болғандықтан, қарсыласты күту көп уақыт алмады.

Барлық НЗМ мектептерін біріктірген «NIS KOSTANAY OPEN Arena» турнирін мектебіміздің қосымша білім беру педагогі Әлібек Жігітов lichess.org алаңында ұйымдастырды. «Аталмыш форматтағы турнир мектепте бірінші рет өткізіліп отыр. Біз үшін бұл тәжірибе қызықты болды. Болашақта шахматшылардың тәжірибесін ескере отырып, басқа спорт түрлерінен интернет-жарыстар өткізуге болады», – деп пікірімен бөлісті ол өз сөзінде.

Шахматтың үлкен тәрбиелік әсері: олар зейіннің шоғырлануына, қиындықтарды жеңуге, өзіндік іс-әрекеттерді жоспарлауға, логикалық ойлау қабілетінің дамуына ықпал етеді. Бұл қасиеттердің барлығы өмірін ғылымға, технологияны дамытуға арнаған адамға қажет. Қызу «шайқас» нәтижесінде турнирдің жеңімпазы болып Нұр-Сұлтан қаласындағы НЗМ оқушысы Мирас Әбдішев (суретте) танылып, Қостанай қаласындағы НЗМ директоры Д.Сапаков атынан pdf форматтағы сертификатқа ие болды. Оқушылар үй тапсырмаларын орындаумен ғана шектелмей, шахматтан ойын дағдыларын жетілдірді деп сенеміз.


Абылай ҚАСЫМОВ,
ФМБ НЗМ баспасөз хатшысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.