Ш.Уәлиханов атындағы №1 орта мектепте осындай тақырыпта даланың дана дарыны Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 185 жылдығына орай облыстық деңгейде ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының тұңғыш ғалымы, терең ойлы, асқан зейінді ағартушы. Ол – ғылымның әр тарапынан білімі бар ұлы ғалым, ағатушы, саяхатшы, зерттеуші, тарихшы, географ, этнограф әрі кәсіби суретші. Шоқан халықты жүрекпен барынша сүйе білді. Замандастарының қайғы-мұңына ортақтасты, қуанышына сүйсінді, жамандықтан жирендірді. Шоқанның осынау кісілікке толы ұлы гуманизмі, мәңгі суымас жалынды сезімі кім-кімді де таңғалдырмай қоймайды. Оның сәулелі ойлары әлемнің түкпір-түкпіріне тарап, тарих белестерінде сыннан өтіп, әлемдік талғам-танымда жоғары деңгейде мойындалды.
Мектебімізде ұйымдастырылған конференция ғалымның қайталанбас өмірін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, тұлғаның ерен еңбегін, асыл мұраларының құндылықтарын бүгінгі және болашақты жалғастырушы жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзіне айналдыру, білім алушыларды елжандылыққа, азаматтыққа, отансүйгіштікке, өлкені тани білуге тәрбиелеу мақсатын көздеді. Арқалық қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Елена Сысоева ұйымдастыруға ат салысқан конференция қазіргі жағдайға байланысты қашықтан, яғни онлайн форматта өтті.
Онлайн жиынға Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының аға оқытушылары, магистрлері, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Тұран» колледжі, №53 мектеп-лицейі, №83 гимназия, №78 мектеп, №71 «Мөлдір» балабақшасы, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі, Қостанай облысы Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл ОМ, Торғай, Жангелдин мұражай кешенінің басшысы, Жарқайың ауданындағы Ш.Уәлиханов ОМ, Ш.Уәлиханов атындағы Торғай ОМ, Ы.Алтынсарин атындағы Амангелді ЖОББМ, «Жасбуын» ОМ, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия, №3, 5, 6, 10, Родина ЖОББМ ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Ең алдымен, пленарлық отырыс өткізілді. Модератор мектебіміздің директоры Күлнәзия Мұқашева конференцияны құттықтау сөзімен ашып, жүргізіп отырды. Әрі қарай секциялар өз жұмыстарын жалғастырды. Конференция үш бағыт бойынша өтіп, барлығы 100-ге тарта материалдар келіп түсті. Басқосу үш бағытта жүргізілді: 1. Ш.Уәлихановтың өмірі мен мұрасы. 2. Ш.Уәлиханов сан қырлы дарын иесі. 3. Шоқанның қызметін зерттеу бойынша мектеп оқушыларының ғылыми қоғамының жұмысын бейнероликтермен, бейнежазбалар, слайдтар арқылы көрсету.
Қатысушылар Ш.Уәлихановтың өмірі мен мұрасын, қызметін зерттеуде жеке және кәсіби түрде тәжірибе алмаса отырып, талқылау үшін диалог алаңын құрды, теориялық білімді ғылыммен, тәжірибемен байланыстырды. Конференция барысында Шоқанның сан-қырлы дарын иесі екендігін толықтай ашып берді. Бұған тақырып етіп алып отырған «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел» деген Ғабит Мүсіреповтің сөзі толығымен дәлел бола алады. Алқалы жиын соңында барлық қатысушылар Алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталып, сертификаттарға ие болды.
Сәуле КЕНЖЕҒАЛИЕВА,
Ш.Уәлиханов атындағы
№1 ЖОББМ физика пәнінің
мұғалімі және мұражай жетекшісі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.