А.Қоңқабаев атындағы орта мектепте «Үздік педагог-2020» байқауы өткізілді. Байқау шығармашыл, жаңашыл идеясы бар, шеберлігі жоғары, жан-жақты дамыған әрі мұғалім мәртебесін көтеретін тұлғаны анықтауды көздеді.

Мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге ынталандыру, озық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау, тарату және аудандық кезеңге іріктеу мақсатындағы байқаудың тапсырмалары үш кезеңнен: презентация қорғау «Мұғалімнің жұмыс жүйесі» (5-7 минутқа дейін), пән бойынша бейнесабақ немесе ашық сабақ фрагменттерінен көрсету (12-15 минутқа дейін), сонымен қатар шығармашылық есеп, яғни педагогтің жаңа технологияларды ұтымды пайдалану жолдары, өзінің шеберлігін, шығармашылық іс-әрекетін көрсетуге негізделген «Ұстаз атына лайық» фотокөрмесі (5-7 минутқа дейін) ұйымдастырылды.
Байқауға 16 мұғалім қатысты. Әрқайсысы ерекше сабақ үлгісін көрсетіп, өздерінің білікті де білімді ұстаз екендіктерін дәлелдеуге тырысты. Білім беруде шынайы біліктілігін көрсете білген бастауыш сынып мұғалімі Ләззат Сұлтанғалиева байқаудың Гран-при жүлдесіне ие болса, біліктілігін байқата білген бастауыш сынып мұғалімі Гүлнар Бекентаева, география пәнінің мұғалімі Жұпар Ағытаева қазылар алқасының шешімімен жүлделі 1-орын иегерлері атанды. Жүлделі 2-орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнара Уалина иеленсе, 3-орын бастауыш сынып мұғалімі Мирамкүл Мұшыховаға табысталды.
«Үздік мұғалім-2020» байқауының «Жаңашыл мұғалім» аталымы үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыруда елеулі еңбек сіңіріп жүрген химия, биология пәнінің мұғалімі Мәрукен Ағаділге, «Зерттеуші мұғалім» аталымы теориялық білімі мықты, тәжірибелі ұстаз, математика пәнінің мұғалімі Жаңылсын Сейлхановаға, «Шығармашыл мұғалім» аталымы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мирамкүл Нұрмұханбетоваға, «Ізденімпаз мұғалім» аталымы математика пәнінің мұғалімі Ақбаян Дәулетоваға, «Көшбасшы мұғалім» аталымы өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, мектеп жантанушысы Нұргүл Ескендіроваға берілді.
«Ұйымдастырушы мұғалім» аталымына дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әсет Сатай, «Шебер мұғалім» аталымына көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жасұлан Төлегенов, «Сарапшы мұғалім» аталымына ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гүлмира Жакупова, «Өнерлі мұғалім» аталымына тарих және құқық пәнінің мұғалімі Светлана Тургаева, «Ғылым жанашыры» аталымына тарих және дінтану пәнінің мұғалімі Гүлжанар Бектұрған, «Үздік хобби» аталымына информатика пәнінің мұғалімі Мирамкүл Оразбаева лайық деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағазымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі», – деген сөзі көпшілікке жақсы таныс. Сондықтан мұғалімге қанша жақсылық жасап, мадақтау айтсақ та аздық етеді. Бір қарағанда қарапайым көрінгенмен, ең қиын қызметтің бірі – осы ұстаздық жол. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деген Абай бабамыз. Педагогтердің жас ұрпақ санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбиесі мен үлгі-өнегесі өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті де жемісті күннің кепілі. Ұстаз – болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл қоғамды қалыптастырады. Барша ұстаздарға шығармашылық ізденіс тілей отырып, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін демекпін.
Гүлбану НҰРМҰХАНБЕТОВА,
А.Қоңқабаев атындағы ОМ
директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары,
Жангелдин ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.