«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты республикалық балалар киносы байқауының облыстық кезеңі өтіп, оған Амангелді ауданынан қатысқан 5 оқушы жеңімпаз атанып, 3 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.

Амангелді аудандық білім бөлімінің басшысы Мұрат Дихамбаев байқау жеңімпаздарымен кездесу өткізіп, шығармашыл жастарды жетістігімен құттықтап, Қостанай облыстық білім басқармасының арнайы дипломдары мен ақшалай сыйлықтарын табыс етті.
«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносы байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын атап айтар болсақ. «Үздік кино» аталымында 1-орынды Б.Қолдасбаев атындағы ЖББ мектебінің оқушысы Ажар Тойшыбек, «Музыкалық клип» аталымы бойынша 1-орынды Амангелді ЖББ мектебінің оқушысы Назерке Есетова, «Телевизиялық сюжет» аталымында 3-орынды Амангелді ЖББ мектебінің оқушысы Саяжан Азаматқызы, «Киножурнал» аталымы бойынша 1-орынды «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының оқушысы Іңкәр Күмісбай, «Ғылыми кино» аталымында 2-орынды жоғарыда аталған шығармашылық орталықтың оқушысы Ғибрат Мендібаев иеленді.
Марапат оқушылардың жетекшілері – «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогі Жұмабеков Анет Мұратбекұлына, Амангелді ЖББ мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ағажанова Раушан Амангелдіқызына, Б.Қолдасбаев атындағы ЖББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амантаева Айзада Амангелдіқызына, Амангелді ЖББ мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Ержігітова Айтгүл Сабырқызына да табысталды. «Шәкіртінің жеңісі – ұстазының жемісі» демекші, талантты жастар мен олардың жетекшілерін жеңісімен құттықтаймыз!
Нұрсұлу
МИРАМБЕКҚЫЗЫ,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер шығармашылық
орталығының педагогі,
Амангелді ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.