Көпшілікке мәлім жерлесіміз – Спандияр Көбеев – білім беру саласында жарты ғасырдан астам уақыт бойы үзіліссіз еңбек еткен. Ол сабақ берумен шектелмей, шығармашылық қызметпен де ерекшеленгендіктен, халық арасында педагог-жазушы атанды.
Спандияр Көбеев 1878 жылы қазанның 1-інде Меңдіқара ауданында дүниеге келген. Мамандығы мұғалім болғандықтан, ол оқу-тәрбие ісіне басымдық берді. Жергілікті баспасөзде, педагогикалық басылымдарда С.Көбеевтің мақалалары жарияланып тұрды. Педагогикалық мәселелерге арналған жарияланымдары арасында «Оқытушының беделді болуының маңызы», «Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу», «Балаларды оқуға ынталандыру туралы», «Советтік патриотизм тәрбиесі туралы» мақалалары әлі күнге маңызын жойған жоқ.
Педагогтің беделді болуы оның өз қолында деген пікірін ол былайша біліреді: «Оқытушы әржақты білімі бар адам болуы керек. Оның беделді болуының негізгі бір шарты – осы. Қазіргі заманда білімі таяз, өз дәрісінен басқаны білмейтін тұйық оқытушы тек оқушылардың алдында ғана емес, жалпы халықтың алдында беделді бола алмайды». Шынында да, мұғалім бедел-абыройының жоғары болуы – өміршең мәселе. Осыған орай, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2019 жылғы желтоқсанның 27-сінде «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Мұғалімдердің қоғамдағы мәртебесі көтерілді, жалақысы өсті. Олардың кәсіби тұрғыдан шыңдалып, өзін-өзі жүзеге асыруына, сапалы қызмет етулеріне жағдайлар жасалуда.
С.Көбеев жақсы мұғалім туралы былайша толғанады: «Оқытушы балаларға қалай үлгі болуы керек? Ең алдымен, мұғалім – оқыту әдісін жақсы білетін маман, өз дәрісін жақсы меңгерген және әржақты білімі бар мәдениетті адам болуы шарт; екіншіден, мұғалімнің сыртқы көрінісі, киімі де, тазалығы да, істегі ұқыптылығы да, тиянақтылығы да, ұстамдылығы да, мінез-құлқы да, сөйлеген сөзі де, жүріс-тұрысы д абеделді болуының негізгі шарттары болып табылады». Педагог-жазушы мұғалімнің беделді болуының сегіз түрлі шартын атап көрсеткен. Солардың қатарында ұстаздың ұдайы оқып, өз білімін толықтырып отыруға баса көңіл бөлуі; қоғам жұмысына белсенді қатысып отыратын адам болуы қажеттігін атап көрсетуі қазіргі педагогтер жадында жүруі тиіс қағидалар деп санаймыз.
Ардақты ұстаздың пікірінше, оқытушы педагогиканы, әдістемені, психологияны жақсы білуі шарт. Ол қажымай-талмай еңбектеніп отыратын, ізденімпаз, шығармашыл адам болуы қажет. Бұл турасындағы пікірін ол былайша түйіндейді: «Оқытушының беделді болуы дегеніміз – оқудың сапалы болуы, балалардың жақсы білім алып, жақсы тәрбиеленуін қамтамасыз ету деген сөз болып табылады». С.Көбеев мұрасын зерделей отырып, оның оқыту әдістерін тиімді қолдануға қатысты пікірлерінің де өзекті екенін айтып өткеніміз абзал. Әдіс-тәсілдерді орынды пайдалана білу де – оқытушының беделді болу шарттарының бірі.
Спандияр Көбеев қазақ балаларына орыс тілін оқытудағы өзінің бай тәжірибесімен бөліскен. Мәселен, балаларға үйрететін жаңа сөздер тұрмыста, қоршаған ортада күнде көріп жүрген заттардың атаулары болу керек. Тіл үйренушілер оларды өзге сөздермен тіркестіріп, сөйлем немесе екеуара диалогте қолданып, сөйлеу тілін дамытуға баса көңіл бөлгендері абзал. Педагог-жазушының бұл әдістері қазіргі оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердегі қазақ тілін оқытуда өзекті деп санаймыз.
Ұлағатты ұстаз, ҚазССР-на еңбегі сіңген мұғалім С.Көбеевтің: «Оқушының бүкіл болашағы – мұғалімнің қолында. Ол өсіп, азамат болғанда, жақсы әсер, үлгілі тәрбие берген ұстазына мың да бір алғыс айтады», – деген пікірі маңызын, өміршеңдігін еш жоймақ емес.ұғалімі,
Қостанай ауданы
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.