Спорт бір мақсатқа біріктіреді

Выпуск - №1-2(549-550)   :   19.01.2023
701

Жақында Арқалық қаласындағы Шоқған Уәлиханов атындағы №1 ЖББ мектебінің ұйымдастыруымен аталмыш білім ордасының 60 жылдығына орай қала және ауыл мектебі мұғалімдері мен қызметкерлерінің арасында волейболдан турнир өтті.

Спорттың қызықты және қолайлы түрлерінің бірі – волейбол ойыны. Аталған ойынның дүниежүзіне кең тарауына ережесінің қарапайымдылығы мен қимыл-қозғалыстарының күрделі еместігі, сонымен бірге волейболды кез келген жастағы адам ойнай алатындығы себеп. Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т.б. жаттығулардан тұрады. Волейбол ойнағанда тыныс алу жүйесі жақсарып, бүкіл бұлшық етің жаттығады, сіңірлерің мен буындарың нығайып, дене бітімің сымбатты бола түседі.

Жиында турнирді ұйымдастырушы Сарин Әли Мағауияұлы сөз сөйлеп, саламатты өмір салтын насихаттап, спорттық шеберлікті шыңдау өте маңызды екенін атап өтіп, қатысушыларымызға сәттілік тіледі. Тартысты додаға 14 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Осы тұста Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның намысын қорғап, абыройын асқақтатқан ойыншыларымызды атап өтсек. Олар: Жанабаева Толқын Маралқызы, Сылтыбай Сәуле Сертайқызы, Абдрахманова Жазира Кайыргалиевна, Байгуатова Нұржанат Айболатқызы, Әбдіқадыр Нұрқадір Мылтықбайұлы, Алпысбаев Сағдат Алматұлы, Әбилдин Жомарт Нағашыбайұлы және мен, Оразов Ниязбек Рамазанұлы.

Керемет ойын өрнегін көрсеткен ойыншыларға номинациялар берілді. «Үздік ойыншы» номинациясын Жомарт Нағашыбайұлы иеленсе, «Маңызды ойыншы» атағын Сәуле Сертайқызы алды. Тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Восточный мектебінің құрамасы, 2-орынды Ш.Уәлиханов атындағы №1 мектеп, жүлделі 3-орынды Ы.Алтынсарин атындағы гимназия және А.Құнанбаев атындағы гимназия қанжығасына байлады. Сонымен қатар мекеме атынан естелік кубок, грамота, медальдармен марапатталдық. Саламатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Әріптестерімізді жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, жеңісті күндеріңіз көп болсын дегім келеді.


Ниязбек ОРАЗОВ,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназияның биология
пәнінің оқытушысы,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.