Рудный қаласындағы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясында тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектебіміздің 6-7 сынып оқушылары арасында баскетбол ойынынан жарыс өткізілді.

Әлемдік пандемияға байланысты біраз уақыт бойы оқушылардың жарыс арқылы спортқа деген талпыныстары, құлшыныстары азайып қалған болатын. Бірақ осы өткізілген «Баскетбол» жарысының септігінен оқушылардың қызығушылықтарын оятып, ынталандыра алдық деп ойлаймын. Тартысты әрі қызықты ойынға барлығы 6 команда қатысты. Жарысымыз бекітілген ережеге сай өткізіліп, алдымызға қойылған міндеттерімізге толықтай қол жеткіздік.
Нәтижесінде 1-орынға – 6 «Б» (ұлдар), 7 «А» (қыздар) сыныптарының топтары, 2-орынға – 7 «А» (ұлдар), 7 «Ә» (қыздар) сыныптарының топтары, ал 3-орынға – 6 «А» (ұлдар), 7 «Б» (қыздар) сыныптарының топтары ие болды. Әрбір командалар мақтау қағаздарымен марапатталған болатын. Оқушыларымыз Асылжан Дауренбеков және Нұрдаулет Жаңбырбай осы баскетбол спорттық ойынынан қалалық және облыстық жарыстарға қатысып, мектебіміздің намысын қорғап жүр. Алдағы уақытта қолдан келгенше оқушылардың арасында көптеген қызықты әрі ерекше жарыс түрлерін өткіземіз деп сенемін.
Шыңғыс КАЖИКОВ,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназияның
дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.