Step into English – білім мен бәсекеге қадам

Выпуск - №37(685)   :   03.10.2025
384

Step-into-English-1

Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілі апталығы аясында «Step into English» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Іс-шара 6–7-сынып оқушыларының қатысуымен өтті.

Зияткерлік ойын оқушылардың ағылшын тіліне деген танымдық қызығушылығын арттыру, лексикалық қорын кеңейту, сонымен қатар логикалық және сыни ойлау дағдыларын дамытуды көздеді. Бұл ойын бірнеше кезеңдерден тұрды: «Таныстыру», «Полиглот», «Грамматикалық сұрақтар», және «Ситуациялық тапсырмалар». Әрбір кезең оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға және коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға бағытталған. Қатысушылар жеке және топтық форматта жұмыс істеу арқылы өз білімдері мен дағдыларын ортаға салып, бірлескен әрекеттің маңыздылығын ұғынды.

Step-into-English-2


Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті және оқушылардың шетел тілін меңгеруге деген ынтасын арттыруға оң ықпал етті. Қорытынды кезеңде үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, барлық қатысушылар Алғыс хаттармен ынталандырылды. Мұндай форматтағы танымдық іс-шаралар оқушылардың тілдік білімдерін тереңдетуге, олардың мотивациялық деңгейін көтеруге және шет тілін меңгеруге деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға септігін тигізеді.

Асель МАМЫРБАЕВА,
Гаухар АХМЕТОВА,
Ш.Уәлиханов атындағы
№1 жалпы білім беретін
мектептің ағылшын тілі
пәнінің мұғалімдері,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.